«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» виртуалды кітап көрмесі ұсынылды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.
Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.
Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Осы орайда оқырмандардың жүрегіне еліне, жеріне, Отанына, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Елбасымыз салған сара жолымен жүріп, ел үшін еңбек сіңіріп, қазақ елінің елеулі азаматы болу деген түйсік қалыптастыру, Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға, тәрбие алу мақсаты көзделді.
Comments"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасы аясында М.Дулатұлының туғанына - 135 жыл "Азаттықты аңсаған ұлт көсемі"кітап көрмесі өтті. Оқырмандарды оқу-білімге баулып, ұлы адамдардың еңбек жолдарын үлгі етіп, елінің патриоты болуға қалыптастыру, ұлтына деген қызығушылығын арттыру мақсатында қойылған бұл көрме 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде Алаш қозғалысының тарихы, қайраткерлері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлының шығармалары, суреттері, нақыл сөздері қойылған.
Екінші бөлімде халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатұлының өмірбаяны, шығармашылығы, қазақ тарихына калдырған ізі, әдебиеттің дамуына қосқан үлесі, қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткерге арналды.
Ал, үшінші бөлімде мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдар қойылған. Көрмеге барлығы - 30 кітап, 12 газет-журнал және дәйек сөздер қойылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=632#sigProGalleria80bc88b700
«Балалардың сүйікті жазушысы» С.Бегалиннің туғанына - 125 жыл әдеби дилижанс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына - 125 жыл толуына орай С.Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдері мен шығармашылықтарын таныстырып, оқырмандарды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Балалардың сүйікті жазушысы» әдеби дилижанс өткізілді.
Іс-шара барысында С.Бегалиннің туып өскен жері, алғаш жазған туындылары жайлы видеоролик ұсынылды. Әдеби дилижансқа қатысқан "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық "Жамбыл дарыны" орталығының" балалары С.Бегалиннің өлеңдерінен үзінді оқып, әсем әуендерін шырқап, би биледі.
Іс-шара соңында «Балалар әлемінің елшісі» кітап көрмесі таныстырылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=632#sigProGalleriad3f97c24de
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «2020 жыл - Еріктілер жылына» орай «Мейірімді жүрек – жылы тілек» «Кітапханадағы көңілді кеш - 2020» квест шоуы «Облыстық жасөспірімдер үйінің» тәрбиеленушілердің қатысуымен өтті.
Квест-шоуға келген қонақтар мен қатысушыларды «Jalyndy Jas-STAR» клуб мүше«Кітапханадағы көңілді кеш - 2020» квест шоуылері флешмоб биімен қарсы алды.
«Білім орталығында» балалар үйінің жас тәрбиеленушілері «Ғажайып алаң» ойынына қатысты.
«Алғырлар» мен «Білгірлер» топтарына бөлінген қатысушылар әдеби викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Қонақтар «Биле бізбен! Биле бірге! Бізден жақсы биле!» битбокст алаңында тик-ток дискокешіне қатысты.
Абонемент бөлімінде квест-шоу 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап арқылы тапсырманы орындау; берілген әріптермен жұмбақтардың жауаптарын, мақал-мәтелдерді жалғастыру, ақын-жазушылардың өлеңдерін құрастыру, «Фобия» және «Тікенек жіп» ойындарға қатысу. Әр тапсырманы дұрыс орындаған қатысушылар жүлделерін алып мәреге жетті.
Білім орталығының бұрышында «Мейірімді жүрек – жылы тілек» таңғажайып тілек бұрышында оқырмандар квест-шоудан алған әсерлерімен жылы лебіздерін жапыраққа жазып ілді. Кеш соңында қатысушылар «Бауырсақ пати» ойынына қатысып, өздерінің шапшандылығы мен тапқырлығын шыңдады.
«Облыстық жасөспірімдер үйінің» тәрбиенушілері өздерінің орындауында ән айтып, би билеп, шығармашылық концертін ұсынды. Квест-шоуға келген «Облыстық жасөспірімдер үйінің» жетекшісі - Мадиева Ляззат Құралбекқызына кітапхана атынан М.Әуезовтың «Абай жолы» төрт томдығы сыйға тартылып, ең белсенді қатысушыларға кәде-сыйлар берілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=632#sigProGalleria01eb51158b