Алаш қайраткерлері Наурыз тақырыбынан ажыраған емес.
1926 жылы Кеңестік үкімет Наурыз мерекесінің діни сипаты бар деп, ресми тиым салғанымен Алаш қайраткерлері Наурыз тақырыбынан ажыраған емес.
Бейімбет Майлин «Наурыз күні» өлеңін 1926 жылы, Наурыз тойлауға ресми тиым салынғаннан кейін «Наурыз тілегі» өлеңін 1927 жылы, «Жаңа тілек» өлеңін 1928 жылы жазған.
«Қазақ» газеті шығып тұрған уақытында (1913-1918) әр жыл сайын 9 наурызда газеттің бас айдарын Наурыз тақырыбына арнаған. 9 наурызда жарияланатын редакциялық құттықтау мақалаларының авторлар қатарында Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы болды. «Мадияр» есімінен Міржақып Дулатұлы «Қош келдің, Наурыз!» атты жазбасын «Еңбекші қазақ» газетінің 1923 жылы №75 санында жариялаған. Мағжан Жұмабаевтың «Наурыз» жазбасы да Жылдың жаңа күніне орай жазылып, «Жаңа мектеп» журналында жарияланған.
Алаш қайраткерлерінің «Наурыз» һақындағы жазбаларының маңыздылығы - олардың дәстүрлі қазақ қоғамында, өздерінің көзімен көрген, дәстүрлі Наурыздың болмысын дәлме-дәл беруінде. Олардың жазбаларынан «Көрісу», «Жасың құтты болсын» деп айтудың, Наурыз көжеде ет пен ағарғанның болуының мәнінің жауабын таба аламыз (мақала ішінде аса назар аударылатын сөздер автор тарапынан қою әріппен берілді – авт.).
Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың Жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны ел бір-бірімен көрісіп, «Жасың құтты болсын!» дейді», - деп көрсеткен. «Жасың құтты болсын!», - деп құттықтау дәстүрлі өңірлерде, осы күнге еш өзгеріссіз жеткен. Аңыз бойынша, Жыл – жаңа туған бала, ол күн санап өсіп, үш айдан соң жігіт болады, күз түскенде қартайып, бурыл бас болады, қыс түсіп қар астында қалғанда кәріліктен өледі, осылайша он екі ай бітуімен ескі жылдың өмірі де бітеді. Жаңа жыл қайта туылғанда, сол туылған күнді құттықтап, қуанғанды құшағына алып сый-құрмет жасау әр адамның міндеті болған екен. Бұл аңыздан «Жылдың» адам кейпіндегі моделін аңғаруға болады. Қазақы ортада Наурыз мерекесінде бір-біріне «Жасың құтты болсын», - деп айтуының себебін осымен байланыстырады.
«Қазақ» газетінің 1914 жылғы 9 наурыздағы №53 санының беташары ретінде жарияланған «Наурыз» атты редакциялық өлеңде Міржақып Дулатұлының қолтаңбасы анық көрінеді.
«Сәлем бердік Жас Наурыз, жылдың басы! Жұрттың күткен мінекей ықыласы!
Міржақып Дулатұлы айтып отырған «Жас Наурыз» жыл басы боп саналған ескіше 9 наурыз, жаңаша 22 наурыз. Ал, «Қарт Наурыз» деп қазақтар 1 наурыз, яғни Жаңа жылдың бірінші күнін емес, айдың бірінші күнін айтқан.
CommentsОқырмандарға поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлыхалықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу, оқырмандарды көркем әдебиеттерді, кітап оқуға тарту, балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқудың мәртебесін көтеру мақсатында «21 наурыз - Дүниежүзілік поэзия» күніне орай «Бір өлең» әдеби алтыбақан жас ақындар сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жас ақындарымыз бес кезең бойынша сайысты.
- 1. кезең: Өзін-өзі таныстыру;
- 2. кезең: Өздерінің шығарған өлеңдерін оқу;
- 3. кезең: Жасырылған бір сөзге өлең шумақтарын шығару;
- 4. кезең: Салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап;
- 5. кезең: Өз өнері;
Іс-шара нәтижесінде қазылар алқасы Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Инкарбекова Гульфайруз Капарқызы және бірқатар өңірлік және республикалық жыр бәйгелерінің жеңімпаз, жүлдегерлері Әбдір Шапағат және Елбек Нұрмұхаммед жас ақындардың өнерлерін бағалап тиісті орындарын беріп, жылы лебіздерін білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=608#sigProGalleriaae667ed936
Оқырмандардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.
⠀Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
⠀Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру мақсатында «Атамекен» клубының мүшелерімен «Табиғатты аяла» тақырыбында танымдық сағат өтті.
⠀Кітапханашы оқырмандарға үлкен — кіші әрдайым табиғатты таза ұстап, құрмет тұту қажет екендігін айтып,оқырмандарға түсінік берді.
⠀Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға аян, сондықтан аялап ұстауға бағыттауға шақырды. Оқырмандарды табиғатта дұрыс жүріп тұруы, әр талын, әр жапырағын, әр бұтасын бағалай білу үшін өткізілген іс шара болатын. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге, мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет екендігін ұғындырды.
⠀«Бір тал кессең, он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек керек. Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ. Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші. Табиғат біз киетін киімді, оқитын кітапты, тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан алатынымыз жайлы түсіндірілді.
⠀Оқырмандар өздерін іс-шара барысында белсенді ұстап табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін көрсетіп, өздері білетін өлеңдерін, мақал-мәтелдерін айтып, туған жеріміздің экологиясын қалпына келтіруіміз үшін өсімдіктердің санын көбейтуге өз үлестерін қосу керектігін сезініп түсінді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=608#sigProGalleriaae0141f372