Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Бұл - халық игілігі!" қайырымдылық акциясы аясында "Балаларға базарлық!" кітап сыйлау шарасында дүниежүзі қандастарының "Отандастар" қауымдастығы облыстық бөлімшесінің төрағасы - АРҚАБЕК ТӨЛЕБАЕВ Қалдыбай Бектаевтың қазақша-орысша, орысша-қазақша "Сөздік" кітабынның 20 данасын сыйға тартты.
⠀"Сөздік" кітабы - қазіргі кездегі қазақша-орысша сөздіктер ішіндегі екі тілдік сөздіктердің толығы.
⠀Бұл сөздік үш бөлімнен құралған.
⠀Бірінші бөлімі - қазақша-орысша сөздік 85 мың сөзді және сөз тіркестерін қамтиды.
⠀ Екінші бөлімі - орысша-қазақша сілтеме сөздік 25 мың орыс сөздерін қамтиды.
⠀Үшінші бөлімі - 750-ден астам жалғауларды қамтиды және сөздерді жинақтаудың (синтезировать) алгоритмі көрсетілген.
⠀Мұндай үш деңгейдегі сөздік екі толық көлемді қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктерді қамтумен қатар грамматикалық ерекшеліктер негізінде қазақ тілін тиімді жолмен меңгеруге мүмкіндік береді.
Сөздік көпшілік қауыммен қатар студенттерге, мұғалім-оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, аудармашыларға, жалпы қазақ тілін оқып білемін деген оқырмандарға арналған.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=572#sigProGalleriaa84af0102a
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жассөспірімдер кітапханасы «Жылжымалы кітапхана» жобасы аясында Жамбыл Жабайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, «Жамбыл – мәңгі жаңғырық!» кітап көрмесін Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында ұйымдастырды.
⠀Мекеме қызметкерлерін ұлы ақын, қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың кітап көрмесімен, ақының өмірі мен шығармашылығы, Отанға деген сүйіспеншілікке толы шығармалары туралы материалдармен толықтай таныстырылды..
⠀ Көрмеге абыз жыраудың сирек және құнды кітаптары топтастырылып, шығармашылығы мен өміріне негізделген еңбектер қойылды. Көрменің басты қазынасына айналған әдебиеттер, Жамбылдың 1982 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген "Ұлы Заң" өлеңдер жинағы.
Шығарманың 14 тілге аударылғанының өзі-ақ халық арасында қаншалық танымал болғанын сөзсіз жеткізеді. Қай тілде жазылмасын, әдебиет әлемі халықаралық тілде сөйлейді. Сондықтан, жауһар әдебиет әлем назарына ілікті.
Мырзатай Жолдасбековтың «Жамбыл Жабаев – Ұлы дала ақыны» кітабында кеңес кезеңіндегі ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулардың сирек кездесетін еңбектері қаламға алынған. Сонымен қатар әрбір тақырып тарихи суреттерімен бейнеленген.
Көрмеде Н.Төреқұлов «Жүз жасаған бәйтерек», «Ел қадірін біл, балам», С.Садырбай «Фольклор және Жамбыл» т.б. көптеген кітаптары көрмеден орын алды.
"Жамбыл-мәңгі жаңғырық" кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерді біздің кітапханадан таба аласыздар! Жүз жасаған абыз ақынның мұрасына көзайым болуға асығыңыздар!
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=572#sigProGalleria28e0592157
«Бұл халық игілігі» қайырымдылық акциясы аясындағы «Балаларға базарлық!» кітап сыйлау шарасы
⠀Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіру, оқырман мен кітапхана байланысын одан әрі нығайту мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «2021 жыл – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына» орай «Бұл халық игілігі!» қайырымдылық акциясын ілгерілету мақсатында кітапханада «Балаларға базарлық!» кітап сыйлау шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудандық балалар кітапханалары Zoom платформа арқылы онлайн түрде қатысты.
Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылған шараға екі жүзге жуық кітап сыйға тартылды. Жамбыл облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркімбек Бейсембекұлы бастаған бір топ құрметті қоғам қайраткерлері – Есіркепов Оңласын Қарабайұлы, Әділова Раушан, Төлебаев Арқабек Жамбыл облысы Ардагерлер кеңесінің қолдауымен басылған «Ардагерлері ақылман Әулиеата», «Қазақтың Шерағасы» 5 томдық жинақ, Қазақстан Республикасының Ардагерлер кеңесінің 20 жылдығына орай шыққан «Плечом к плечу в одном строю» кітаптарын тарту етті.
⠀Сондай-ақ экономика ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Аманкелді Кәрентаев өзінің «Шаруағұмыр», Елбасымен жеті рет жүздескен белгілі кәсіпкер Сауле Рысбаеваның Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай шығарған «Мың тағзым» атты кітаптары кітапхана қорына сыйлады.
⠀Шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Акцияға қатысушыларға «Балаларға базарлық!» көрмесі таныстырылып, кітапхананың тұрақты оқырмандары қонақтарға өлең мен әннен шашу шашты.
⠀Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=572#sigProGalleria3534dce649
Жазғы демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамту және даму картасы аясында «Біз салауатты өмір салты үшін!» ұранымен № 13 бөбекжай – бақшасы оқырмандарының қатысуымен «Спорт – сенің серігің!» эстафеталық ойын ұйымдастырылған болатын.
Ойын барысында оқырмандар 2 топқа бөлініп, топ мүшелері ойын шартымен танысып, «Кім жылдам», «Шегірткелер» т.б. ойындар арқылы шапшаңдықтарын көрсете білді. Сондай – ақ қазақтың ұлттық «Асық ату» ойыны дәріптелді. Сонымен қатар спорт туралы мақал-мәтелдер айтып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=572#sigProGalleria7ca71968df