Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Кітапхана – білім ордасы» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
1 қыркүйек – Білім күніне орай онлайн оқырмандардың уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Ашық есік күні аясында абонемент бөлімінде «Кітапхана – білім ордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге тарихи және танымдық әдебиеттер, білім беру саласы бойынша кітаптар, бабалардан қалған асыл сөздер, балаларға араналған энциклопедиялар және т.б жаңадан келіп түскен әдеби кітаптар қойылды. Көрмеге шолу жасалып, оқырмандарымызды жаңа кітаптармен таныстырды.
Шара соңында оқырмандарымыз кітапханаға саяхат жасады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=564#sigProGalleria8a06b4f29b
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Конституция – халықтың төлқұжаты» ақпараттық - досье ұйымдастырылды.
Мақсаты оқырманға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпарат беру, елін, жерін, Ата Заңын құрметтеуге, елінің патриоты болуына қалыптастыру. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң екені айтылды.
Оқырмандар Конституцияның бірнеше 1,7,27,30,36, баптарымен таныстырылды. ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы туралы оқырмандарға түсіндірілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=564#sigProGalleria7af375ad70
Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы жүргізілген сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы мағлұмат беріп, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы түсіндіру, оқырмандармен ой бөлісу мақсатында «Ядролық қарусыз әлем» кездесу кеші өткізілді.
Іс-шара оффлайн және онлайн түрінде өткізілді.
Семей полигоны – әлемдегі ең ірі полигонның бірі. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу мораторий жасау туралы шешім шығарды. Сөйтіп, ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
"Таң нұр Семей полигоны" Қазақстан ардагерлері қоғамдық бірлестігінің мүшесі - Бакенов Мұрат кітапханамызда Семей ядролық сынақ полигонында болған, сол кездегі қасіретті тарихты көргендерін айта отырып, қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның міндеті деген ойларымен бөлісті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=564#sigProGalleria99dddafbfb

Comments