Балалар ақыны болу үлкен бақыт, себебі бала өзінің сәби кезінде оқыған жырларды көкірек сарайында кіршіксіз, саф таза күйінде сақтайды, ақын өлеңі сәби жүрегінде ескірмес сурет болып қалады. Сондай ақындардың бірі – Баянбай Қастек. Осыған орай Төле би атындағы №8 мектеп – гимназиясы оқырмандарының қатысуымен «Бұлақтай кәусар жырлары» тақырыбында әдеби қобдиша ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға Қастек Баянбайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, «Біліміңді мықта», «Адасқан әріптер», «Кім жылдам» ойындары ойнатылды. Іс-шара соңында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=540#sigProGalleria79d42df5c0
2015 жылдың 20 ақпанында ҚР Бірінші Президенті Н.Назарбаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Заң жобасының мақсаты мұгедектердің барлық құқықтары мен адамның негізгі бостандықтарын толық тең пайдалануын қамтамасыз ету және қорғау. Осы бағытта 2015-2025 жылдарға арналған "Біз біргеміз бәріміз" жобасы іске асырылуда.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу, білім беру жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
«Мейірім» мектеп-интернатының 4-сынып оқырмандарының қатысуымен «Қол ұшын берейік» тақырыбында арт-кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында жастайынан есту қабілеті нашар балалар дыбыстық кітаптарға қызығушылық танытып, естімейтін және нашар еститін балаларға сурдопедагогика тілімен ұстаздары түсіндіріп балалардың қызығушылығын оятты. Өздерінің шығарған өлең жолдарымен бөлісіп, сұрақ- жауап ойыны ойнатылып, мақал-мәтел айтып, жұмбақтар шешіп оқырмандар белсене атсалысты. Іс-шара соңында балаларға тәттілер мен сыйлықтар ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=540#sigProGalleria4120976053
Оқырмандарға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында «Парасат жолы» республикалық жобасы аясында Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл толуына орай «Дала жұлдызы-Ыбырай Алтынсарин» әдеби бағадршам өткізілді.
Іс-шара барысында «Жас тілші» үйірмесінің оқырмандары Ы.Алтынсариннің өлеңдерін оқып, әңгімесінен үзінді қойылым қойды. Қарақат мектеп студиясының Домбырашылар ансамблі халық әндерінен попури орындап, «Күй шашу» күйі ойнаса, «Шабыт» би ансамблі «Құрбылар» және «Үнді» биін биледі.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=540#sigProGalleria14956be93a
Аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Халықшыл жазушы» шығармашылық зертхана өткізілді.
⠀ Ы. Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге шақырды. Ол бұл міндеттерді жастар ерте жастан дұрыс тәрбиеленген жағдайда ғана орындауға болатындығын түсінді. Сондықтан ағартушы-педагог осы мақсатқа өзінің оқытушылық, поэзиялық, жазушылық және аударма жұмыстарын арнады.
⠀Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық ісінде бүгінде жаңа мектеп тәжірибесінде қолдану үшін де өзекті идеялар бар.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=540#sigProGalleriacb005bc322