Оқырмандарды оқуға және кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейімді балалар ауруханасының 10-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осыған орай оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырып, жас ерекшеліктеріне байланысты «Хәрри Потер мен пәлсапа тас», «Бату мен оның достарының Алтын тостағанды іздеуі», «Шоко әлемі: Тылсым Эллипсаһар», «Арыстан патша», «Аладдин», «Таинственный сад», «Пинаккио» және т.б кітаптары ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, кітаптар оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ем алушылардың ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=52#sigProGalleriac85fceb4ea
Жүзу баланың денесінің барлық жүйелері үшін пайдалы. Ол омыртқа ауруларының алдын алады, қан айналым жүйесіне пайдалы әсер етеді.Бассейндегі жаттығулар кеуде, иық белдігі, аяқ және қол бұлшықеттерін күшейтеді. Жүзу тыныс алу жүйесін дамытады, өкпенің көлемін арттырады, суыққа төзімділікті арттыра отырып дені сау жастарды қалыптастыру.
Жастардың жүзуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында 54 Орта мектебінің оқушысы Мухтар Адеманың қатысуымен" Жүзу - бойды өсіреді, ойды сергітеді"атты сұхбат өткізілді.
Іс-шара барысында Адеманың осы жүзуге қалай келгенін, несімен қызықтырғанын, өзінің жеткен жетістіктері мен болашақта алға қойған мақсаттары туралы айтып берді.
CommentsӨскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, көркем әдебиетті оқу қызығушылығын арттыру мақсатында республикалық online байқауы 2024 жылдың 1 ақпан-25 мамыр аралығында жарияланған болатын.
Байқауға бірнеше облыстан балалар мен жасөспірімдер қатысып, нәтижесінде Жамбыл облысының 7 сынып оқушысы Тұрғанбай Нұрайға «Ең үздік пікірдің авторы», Қызылорда облысының 10 сынып оқушысы Сұлтанғазиева Ақжанға «Кітапхана досы», Жамбыл облысы 7 сынып оқушысы Нұржан Заңғар Саятұлы «Зерделі оқырман» номинациялары бойынша жеңімпаз атанып, марапатқа ие болды.
Байқауға қатысқан басқа да үміткерлер белсене атсалысқаны үшін алғыс хаттар, ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=52#sigProGalleria33aff6b787
Оқырмандарға нашақорлықтан аулақ болуды насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында «Құмарлық өміріңді құртады» тақырыбында тейбл ток өткізілді.
Іс-шара барысында қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналған есірткі, оның түрлері, нашақорлық және онымен күресудің жолдары туралы ақпараттар берілді. Нашақорлыққа әуес болған адамдардың өмірінен мысалдар келтіріліп, жасөспірімдерге аталған оқиғаларға байланысты сұрақтар қойылып, оқырмандар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шараға байланысты жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=52#sigProGalleriaa020bf6a48