Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», - екенін атап өтіп, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
⠀ Осы бағытта былтырғы жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жалғасын тауып отыр.
⠀ Баланы оқыту, білім беру, денсаулығын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасаумен қатар, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін оның жан-жақты дамуы, қызығушылығын одан әрі жетілдіру өте маңызды.
⠀Бүгін «OrdaGen» атты балаларға арналған ертегілер жобасы аясында жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесері өтті. Бұл жоба ұлттық, рухани, танымдық құндылықтарды баланың санасына ертегі арқылы жеткізіп, жас оқырманды ізгілік пен ізеттілікке, адамгершілікке баулиды.
⠀Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Ең көп оқылған, тыңдалған ертегілердің мультфильм нұсқасы түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы арқылы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берілген.
⠀Іс-шараға: Жамбыл облысы әкімінің орынбасары – Д. Кәрібек, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы – Б. Жамангозов, «OrdaGen» жобасының жетекшісі – Т. Парасат, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – А. Көпжасарова, сатирик-ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист – Б. Советұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының меңгерушісі – Х. Есаман, ақын, республикалық «7арна» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Д. Әлімқұлов; көпшілік және мектеп кітапханашылары қатысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=492#sigProGalleria3b7b1acc5d
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай оқырмандардың үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» информина өткізілді.
⠀ Іс-шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары өздерінің жүректен шыққан тілектерімен бөлісіп, «Рахмет» деген сөзді жиі қолданып, мейірбандық танытып, достықтары нығайып, ризашылдық пен алғыстарын білдірді.
⠀Сонымен қатар «Кімге алғыс айтар едіңіз?» викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз тілектерімен, ой-пікірлерін осы шараға арнайы жасалған тақтаға жазып жапсыру арқылы білдірді.
⠀«Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямай, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтайық. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естерімізде сақтайық.
⠀Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйренейік және Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық», деген жылы лебіздерін білдірді викторина қатысушылары.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=492#sigProGalleriaae844d8dd3
Қазақ музыкасын дәріптеу, әншінің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру, оқырмандардың қызығушылықтарын арттыру, өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу. Роза апамыздың соғыс кезіндегі ерлермен бірге қиындықты көрсе де, әнімен көңілдерін жұбатқан. Қазақтың бұлбұл әншісін ұрпақтан-ұрпаққа паш ету мақсатында Р.Бағланованың 100 жыл толу мерейтойына орай «Қазақ өнерінің саңлағы» ақпарат сағаты өтті.
Іс-шара барысында әншінің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат бере отырып, Төле би атындағы №8 мектеп-гимназия оқырмандары қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес қосқан, аты аңызға айналған әнші Р.Бағланованың құнды мұрасын тарих беттерінен жоғалтпай, көзіміздің қарашығындай сақтау, баршамыздың міндетіміз деп ойларын ортаға салды.
Кітапханашы оқырмандарға сұрақтар қойып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=492#sigProGalleriac26cbaeabd
Қазақ музыкасын дәріптеу, жастарға халқымыздың мақтанышына айналған халық әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету, көрнекті әншінің өмірлік және шығармашылық жолын еске түсіру, патриоттық сезімді оятып, Отанға, өнерге, музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, қазақ ән эстрадасының ең биік шыңына көтерілген күміскөмей әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Ақмаңдайлымды әуелеткен Роза» мерекелік кеші өткізілді.
Іс-шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылды.
Мерекелік кеш Төле би атынадғы №8 мектеп-гимназиясының «Шаттық би» тобының вальсімен ашылып, аты аңызға айналған әншінің Алтынқордан алынған «Әдемі ау», «Үкілі қыз», «Ауылым» әндері К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі Гүлшат Тинасилованың және Әли Нұржан, Қапалбаев Ерсаин оқырмандарының орындауында шырқалды.
Іс-шара соңында әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ халқының бұлбылы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=492#sigProGalleria6670671864