Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ.
⠀Бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған халықтар үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мерекесі Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы мерекеге орай біртұтас ел екенімізді насихаттап «Ынтымағы жарасқан – Қазақстан» кітап көрмесі жасалып, библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=460#sigProGalleriaf68f1a720f
Қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Байсейтованың 110 жылдық мерейтойына орай «Ғасыр бұлбұлы - Күләш» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға қазақ өнерінің жұлдыздай жарқырап, нұр сәулесін шашқан, сыңғырлаған әсем де қоңырау үні жүздеген тыңдаушының жүрегіне жол тапқан біртуар дарын иесі, халқымыздың мақтанышы, Кеңестер Одағының және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты - Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау және қамшының сабындай ғана ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен әнші өмірін үлгі тұту.
Көрмеге кітапхана қорында жинақталған 10-ға жуық әдебиетер мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған фото-материалдар қойылды. Онда Күләш Байсейтованың өмір жолы, еңбекке араласқан жылдары, қоғамдық қызметі қамтылған. Атап айтсақ: «Күләш Байсейтова: мақалалар, сұхбаттар» жинағы, «Қазақ әндері», «Қазақ әндерінің антологиясы», т.б секілді еңбектері қойылған.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=460#sigProGalleria33c055375f
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып тұр. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, өнерін, өзіндік үлгі-өнегесін оқырмандардың бойына сіңіру мақсатында кітапханада «Ұлттар достығы – басты байлығымыз» фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальге «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің студенттерімен Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатысып, қазақ, қырғыз, орыс, түрік, татар, өзбек және корей ұлттарының мәдениеті мен өнерін көрсетті.
Қатысушылар «Сәлемдесу – сөз басы» таныстыру кезеңінде өз тілінде елі туралы айтып, мерекемен құттықтады. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде би билеп, өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсеттті. «Зерделінің ойы озық» блиц-турнирде қатысушылар әр елдің туы мен астанасын тауып, достық, бірлік туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды.«Дәм думан» кезеңінде ұлттық тағамдар таныстырылып, кең дастархан жайылды.
Фестиваль соңында барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталып, естелікке Абайдың өлеңдер жинағы мен М.Әуезовтың «Абай жолы» төрт томдығын сыйға алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=460#sigProGalleria97c7e0f22a
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім» әдеби сазды кешке № 23 орта мектептің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, осыған орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу және ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енген А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы, М.Әуезовтың 125 ж, Ғ.Мүсіреповтың 120 ж, Ғ.Мұстафиннің 120 ж, К.Байсейітованың 110 жылдық мерейтойлар қарсаңында, қоғам қайраткерлерінің қазақ әдебиеті тарихына қосқан еңбектері туралы, өмірбаяндарымен кітаптарына шолу жасалды.
Оқырмандар кітаптың шығу тарихы туралы айтып, мәнерлеп өлең оқып, жұмбақтар шешті.
Кешке белсене атсалысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=460#sigProGalleria450e2dee10