2022 жылғы 16-21 мамыр аралығында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өңірлік мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлер арасындағы «Рухани қазына – 2022» Республикалық фестивалін ұйымдастырды.
2022 жылғы Фестивальдің ерекшелігі - бұл Байқауға мемлекеттік мекемелермен қатар жеке меншік мәдениет ұйымдары да қатысып жатыр. Бірінші кезеңнің (өңірлік) қорытындысы бойынша жалпы саны 285 өтінім (кітапхана ісі бойынша - 125, музей ісі бойынша - 73, мәдени-демалыс қызметі бойынша – 87 өтінім) қабылданған екен.
*Бұл фестивальде кітапханамыз "Оқитын ел - озық ел" кітап оқуды дамыту жобасымен кітапхана саласы бойынша "Балаларға арналған үздік жоба" номинациясымен Жамбыл облысының намысын қорғауда ✊.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=452#sigProGalleria0acc222293
Өткен тарихымызды қаншама талқыға салсақ та, біздің оны өзгертуге күшіміз жетпейді.
Ол - мәңгілікке қалыптасқан тарих. Алаш зиялыларын «халық жауы» деген жаламен оққа байлаған 1937-1938 жылғы сталиндік репрессияға 85 жыл толып отыр.
31 мамыр – Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстелге Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Р.А. Есенбаева «Зұлмат жылдар құрбаны» тақырыбында бейнешолу жасап, баяндама оқыды.
Бұл бейнешолу мен баяндамада тарихи деректер қамтылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=452#sigProGalleria68d92c6e7d
Кітапханамызда 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында «Шығыстың қос жұлдызының» бірі, елі үшін егескен қаһарман апамыз Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігі туралы «Ерлік ұрпаққа ұран» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқырмандарға М.Мәметованың бейбіт болашақты орнату үшін тәуекелге бел буып, майданды кешіп, қаны мен жанын сарп еткен ерлігі жайында айтылды.
Көрмеге қойылған кітап, газет – журналдармен танысып, өздеріне керекті ақпарат алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=452#sigProGalleria047267ced4
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке.
Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс – Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 77 жыл толды.
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
Осыған орай №49 мектеп – гимназиясы 4 сынып оқырмандарының қатысуымен «Желбіре, Жеңіс Жалауы!» ерлік сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстан батырларының ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты келешекте әскери, азаматтық борышын адал өтеуге, халқына, еліне адал қызмет етуге шақырды.
Сонымен қатар Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту және патриоттық тәрбие беру көзделді.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды.
Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=452#sigProGalleria05caa12ccb