«2022 жыл – Балалар жылы» аясында қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессоры, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Əуезовтың 125 жылдығына орай библиотакси ұйымдастырылды.
Шараға байланысты безендірілген такси Абай даңғылымен жүріп отырып жолаушылардың қатысуымен басталды. Библиотакси екі кезеңнен тұрды.
«Ойлан тап» 1 минутта 1 сұрақ беріліп, сұрақтың бір неше жауабына жолаушылар қызыға жауап берді.
«Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін» викториналық тренингте, жолаушыларға сұрақтар қойылып, жеңілдік ретінде «Досыңа қоңырау шал» көмегі ұсынылды. Жолаушылар өздерінің алғырлықтарын көрсетіп, М. Мақатаев, А.Құнанбаев және М.Әуезовтың кітаптарын сыйға алды.
Жас ұрпақтың оқу мәдениетін дамытып, балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген бұл шара көпшілікке ұнап, жолаушылар алғыстарын білдірді.
CommentsПоэзия бұлбұлы Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Сыр сүйелі - Тұрмағамбет» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Осыған орай кітапхананың тұрақты оқырмандары Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Шахнама», «Рүстем-Дастан», «Фирдауси Шаһнама», «Рауа-Бану» тағы басқа көптеген қызықты кітаптарымен жақынырақ танысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=424#sigProGalleria64aba0df51
Сейтжан Омаровтың туғанына 115 жыл толуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында №33 орта мектебінің 4 сынып оқырмандарының қатысуымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында әдеби рандеву өткізілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=424#sigProGalleriaa8bb1ba3a4
Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы Мырзатай Жолдасбековтың 85 жасқа толуына орай «Кие дарыған қайраткер» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.
⠀ Осыған орай кітапхананың тұрақты оқырмандары Мырзатай Жолдасбековтың көптеген қызықты кітаптарымен жақынырақ танысты.
⠀ Атап айтатын болсақ «Асыл арналар», «Ел тағдыры – ер тағдыры», «Шың мен шыңырау», «Күндерімнің куәсі», т.б. көптеген кітаптарымен танысты.
⠀ Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=424#sigProGalleria42db3433a2