«Ескерткіштер өткені мен бүгіні» жобасының аясында жас ұрпақты ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыру, шығармашылығын насихаттау мақсатында 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында әдеби боулинг өткізілді.
Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, ұлы ақынның құрметіне Тараз қаласында 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Абай даңғылында орнатылған ескерткішінің тарихы туралы ақпарат берілді.
Кітапхана оқырмандары ақын өлеңдерін жарыса оқып, өмірбаянына қатысты жасырылған викториналық сұрақтарға боулинг ойыны арқылы жауап берді.
Шара соңында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ақынның «Көзімнің қарасы» өлеңі айтылды.
Comments10 тамыз Абай күніне орай ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, Абай шығармашылығын танытып өсуге тәрбиелеу мақсатында балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен «Абай – өлең патшасы» атты әдеби кросс өткізілді. Жас оқырмандар ақынның өмірімен танысып, өлеңдерін жатқа айтты.
Comments«Кітап мұхитындағы аралдар» жобасы аясында жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жаз мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту, ертегілер мен кейіпкерлері туралы білімдерін пысықтау мақсатында «Жайдарлы жаз!» бэйби-шоу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерді ертегі кейіпкерлері қарсы алып, жаз мезгілі туралы жұмбақтар жасырды.
Жастарына сай ертегілер туралы сұрақтар қойылып, шығармалардың кейіпкерлері таныстырылды. Балалар «Біз бақытты баламыз!» әнді орындап, бақытты балалық шақ туралы өлеңдер оқып, флешмоб биледі.
Оқырмандардың назарына «Кел, балалар, оқылық!» кітап көрмесі ұсынылып, панорамалық, дыбысты, 3D, 4D, алуан түрлі көркем әдебиетпен ертегі кітаптарына шолу жасалды. Сондай-ақ, кітапханада саяхат жасалып, әдеби кинозалда отандық «Қошқар мен серке» мультфильмі көрсетілді.
CommentsТүйме туралы қарапайым мәлімет беру, түйме арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру және де әдептілікке тәрбиелеу, өз ойын жетізе білуге баулу, қол жаттықтыру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің кезекті сабағы «Әсемдікті көре біл» тақырыбында өтті. Балалар түрлі түймелерді пайдалана отырып 3 D суреттер салды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=40#sigProGalleria985c5309a3