Жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліміздің және егемендігіміздің тарихын насихаттау мақсатында «Менің Қазақстаным – менің Отаным» ақпараттық сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Республика күнінің шығу тарихы, ең алғаш мемлекеттік мереке ретінде жариялануы, кейіннен мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталғандығы, сонымен қатар, биылғы жылдың 16 шілдесінде Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы ұсынысы және 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта тойлау туралы заңның күшіне енгендігі жайлы ақпараттар берілді.
Кітапханашылар тарапынан іс-шара барысында берілген ақпараттар бойынша оқырмандарға сұрақтар қойылды. Оқырмандар сұрақтарға белсене ат салысып, толыққанды жауап берді.
Аталған шара қатысушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=380#sigProGalleriaf08bf62bc0
Кәсіби мансаптағы әр адамның жолы мамандық пен оқу орнын таңдаған сәттен басталады. Бұл оңай таңдау емес, өйткені ол болашақты анықтайды! Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі. Сол себептен мамандық таңдаудан жаңылыспаған жөн.
Міне, осы орайда кітапхана ұжымы болашақ жас мамандарды жұмысқа баулу, қызығушылығын арттыру мақсатында жеке кәсібін ашқандардың бірі - Әлия ханымның «Құрақ көрпе және қыз жасауы» кішігірім тігін фабрикасында, жасөспірімдерді тәрбиелеу орталығының тәрбиеленуші қыз балаларымен «Екі қолға бір күрек» экскурс сабағын өткізді.
Әлия ханым қыздарды тігінге қатысты барлық құрал-жабдықтармен таныстырып, жұмыс барысын көрсетті.
Мұндағы басты мақсат – кәсіпке ынталандыру.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=380#sigProGalleria3e295f4dce
Республика күніне орай "Қыран - елім Қазақстаным" патриоттық челлендж аясында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы қазақстандық этнос өкілдерінің атынан кітапханамызға Сандыбай Мейіржанның «Түркі халықтарының ертегілері» кітабының 10 данасын сыйға тартты.
Іс-шара барысында №13 балабақшаның бүлдіршіндері Республика күніне арналған өлеңдер оқып, әндерді шырқады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=380#sigProGalleria9d69e7355c
Оқырмандарға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру мақсатында кітапхана оқырмандарымен «Табиғатты аялайық» ой-талқы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға экологиялық факторлар туралы білім беру қоршаған ортаның тазалығын, денсаулықтың үйлестігін сәйкестендіру, табиғат тіршілік көзі екенін, оны қорғау туралы мағлұматтар берілді, сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдер айтылды, табиғатты аялау туралы қажетті ақпараттар беріліп, сұрақтарға жауап алынды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=380#sigProGalleria0bc5256b79