Бұқаралық ақпарат құралдарының шығу жолдары туралы, оқырмандардың өз ойын жүйелі айта білу дағдыларын жетілдіру, газет-журналдың адам өмірінде өзіндік алатын орны бар екенін түсіндіру мақсатында «Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы» атты баспаға саяхат Ы.Сүлейменов көшесінде орналасқан «Ақ жол» баспа үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" оқырмандарының қатысуымен өтті.
Баспасөз үйінің қызметкерлері газет шығаратын бөлімдерінің жұмыстарымен таныстырды.
Жұмысты сапалы атқаратын дизайншы – газеттің жарты бақыты. Жақсы беттелген газет оқырманның өзіне қажетті материалды оңай тауып алуына жәрдемдеседі. Қалай болғанда да, беттеудің жалпыға ортақ ережелерінен басқа әр басылымның өзіне тән бағыты мен түрі, форматы мен көлемі болатынын да түсіндіре отырып, қызығушылық танытқан оқырмандардың сауалдарына жауап берді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=340#sigProGalleria4d1c8db93f
Өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру мақсатында Мұрат Әуезовтың 80 жас мерейтойына орай «Замандастар жалғастырған заңғар тұлға» әдеби кеш өткізілді.
Іс-шара барысында Мұрат Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар беріліп, қоғам қайраткері жайлы бейнеролик оқырмандар назарына ұсынылды. Оқырмандар жазушының өмірдерегіне байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Әуезов асыл мұра» атты кітап көрмесімен танысып, өздеріне керек мәліметті алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=340#sigProGalleria7de6b63254
Белгілі тұлға Дінмұхаммед Қонаевтың туған күніне орай Таразда тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітовпен қатар, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және зиялы қауым өкілдері қатысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=340#sigProGalleria914247cb01
Ермек Өтетілеуұлының туғанына - 85 жыл толуына орай №47 орта мектеп оқырмандарының қатысуымен ақынның өмірі және шығармашылығын насихаттап, туындыларын оқырмандарға кеңінен таныстыра отырып жазушының шығармалары арқылы әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету мақсатында «Балалардың сүйікті ақыны» тақырыбында әдеби-делижанс өткізілді.
Аталған іс-шарады оқырмандар екі топқа бөлініп, Е.Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығынан сөзжұмбақтарды шешіп, ұтқан топ ұтылған топқа ақынның «Ана тілі», «Табиғат тану», «Біз солдат боламыз», «Балық аулау», «Бос шелек» т.б шығармаларынан қосымша сұрақтар қойып, тартысты өткен әрбір туындысына балалар қызығушылық танытты.
Кітапханаға 15 оқырман тіркеліп, іс-шара барысында оқырмандарға мәліметтер берілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=340#sigProGalleria16deb704c5