Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қастық» атты құқықтық колейдоскоп өткізілді.
Іс-шара барысында тақырыпқа сай мәліметтер беріліп, оқырмандарға сыбайлас жемқорлық ұғымы түсіндірілді. Қонақта сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің қызметкері Бақытжанқызы Гүлназ нақты дәйектер келтіре отырып баяндама оқыды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері көрсетіліп, қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілері де таныстырылып, оқырмандармен жағдаяттарды талдау жүргізілді.
Тақырыпқа сай бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды. Іс-шара аяғында оқырмандарға сұрақ-жауаптар қойылып қорытындыланды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=336#sigProGalleriae3e5668723
Президент Қ.Ж.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауына байланысты «Жолдау – ел ертеңінің бағдары» тақырыбында информина өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға жолдауда аталған негізгі 5 бағдар: жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп бойынша ақпарат берілді.
Кітапхана қызметкерлері әсіресе, үшінші бағдарда аталған маңызды мәселе – білім беру жүйесіне кеңінен тоқталды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету, орта білімнің сапасы, заманауи мектеп, ұстаз мамандығының абырой-беделі, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, т.б. туралы көптеген мәліметтер беріп, берілген ақпараттар бойынша оқырмандарға сұрақтар қойылды.
Шара соңында оқырмандар кітап көрмесімен танысып, көрмедегі әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=336#sigProGalleria7e150dac82
Д.А.Қонаев атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Төле би атындағы №8 гимназиясының мәжіліс залында 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Керимкулова Рабиға Серікқызымен «Нашақорлық – шын қорлық» кездесу өтті.
Электронды темекінің зияны, темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуды насихаттайтын бейне ролик жас оқырмандар назарына ұсынылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды анонимді түрде ақ парақтарға жазбаша түрде қойды. Дәрігер балалардың барлық сауалдарына толық жауап беріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=336#sigProGalleriacb395c5673
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, өздеріне қызықты: «Қызыл телпек», «Ақшақар және жеті гном», «Аладдин», «Сиқырлы қазанның қиял-ғажайыптары», «Хан шалқан: қазақ ертегілері», Джек Кенфилд «Куриный бульон для души», Х.Хоссейни «Жарқыраған мың бір түн» және т.б. кітаптар ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, кітаптар оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ем алушылардың ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетіне ризашылықтарын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=336#sigProGalleria0367359090