«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осыған орай, кітапхана оқырмандарын жаңа оқулықтармен таныстырып, «Қайсы ненің дауысы?», «Суреттерді дұрыс құрастыр», «Не артық?», «Төлдерін тап», «Мозайка» ойындары ойнатылды. Бүлдіршіндер өз білімділіктерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын ойын барысында көрсете білді.
Жас ерекшеліктеріне байланысты "Төрт түлік", "Ертегім менің, ертегім", "Ертегілер әлемінде", "Менің сүйікті ертегілерім", "Күл қыз", "Арыстан мен патша", "Әжемнің ертегілері", "Әріптермен танысу", "Өнегелі ертегілер" т.б. жаңа кітаптар ұсынылды.
Бүлдіршіндер көрмеге ұсынылған әдебиеттермен таныса отырып, өздеріне қажетті әрі қызықты мағлұматтар алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=328#sigProGalleria23d8e1f8ee
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Мейірім» мектеп-интернатының 4-сынып оқырмандарының қатысуымен ризашылық пен алғыс туралы түсінік бере отырып, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелей отырып «Бақытты балалық шағым» атты библиошар өтті.
Іс-шара барысында алғыс айту күніне орай оқырмандар тақпақтар айтып, сұрақтарға жауап беріп, «Күншуақ» ойынын ойнатылып, әр балаға қағаздан қиылған күннің шуақтары берілді. «Рахмет!», «Алғыс айтамын!», «Мың алғыс!» деген сөздерді бүлдіршіндер қағазға жазып, бір-біріне айтып шықты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=328#sigProGalleria5269083359
Жазушы Әкім Әшімовтың туылғанына 90 жас толуына орай «Зерделі сөз зергері» тақырыбында шығармашылық сағат өткізілді. Іс-шара барысында жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері – Әкім Әшімовтың өмірі мен еңбек жолы жан-жақты таныстырылды.
Оқырмандар жазушы жайлы сұрақтар қойып, ойларымен бөлісе отырып өздеріне керекті мәліметтер алды.
Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=328#sigProGalleriae844e8fe62
Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету мақсатында, 20 орта мектептің 8 сынып оқырмандарымен «Қасиет пен құт дарытқан ана тілі» brain-ring (интелектуалды ойын) өткізілді.
Іс-шарада ең алдымен оқырмандарға ана тілі күнінің шығу тарихы, қазақ тілі, тіліміздің мәртебесі туралы ақпараттар беріліп, шара әрі қарай ойынға ұласты. Ойын 5 кезең бойынша өткізіліп, «Бәйтерек» және «Сұңқар» командалары қатысты.
І кезеңде («Таныстыру») қатысушы топтар командаларының аттарын таныстырып, топтың ұранын айтты.
ІІ кезеңде («Бәйге») қатысушы топтарға кітапханашылардың тарапынан тіл біліміне қатысты сұрақтар қойылып, оған қатысушылар өздерінің ұтымды жауаптарын берді. «Бәйге» кезеңі 8-сынып оқушысы Тоқтағұл Нұрлының «Ана тілім ғажап деп айта аламын» өлең жолдарын оқуымен аяқталды.
ІІІ кезеңде («Мақал – сөздің мәйегі») қатысушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табу бойынша сынға түсті.
ІV кезеңде («Сен білесің бе?») әр топ бір-біріне түрлі сала бойынша сұрақтар қою арқылы жарысқа түсіп, кезең соңы 8-сынып оқушысы Орынбасар Арайлым «Үйрен ана тіліңді» өлеңін оқыды.
Қорытынды («Полиглот») кезеңінде қатысушыларға жасырын тұрған сөзі бар мақал-мәтелдер берілді. Әр топ сол жасырын тұрған сөзді тауып, оның орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларын айтты.
Әділ-қазылардың шешімі бойынша екі топтың ұпай сандары тең түсті. Интелектуалды ойын 7-сынып оқушылары – Махаметжан Марғұлан мен Саршаев Жандостың ана тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқуымен аяқталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=328#sigProGalleriac1c489d72c