1- сәуір Құстар күніне орай «Мейірім» мектеп-интернатының 4 сынып оқушыларымен, «Әлем бәрімізге ортақ» тақырыбында арт-кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетпеуін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу мақсатында бүлдіршіндер құстар туралы өз ойларымен бөлісіп, құстардың аттарын айтып, дауыстарын салып шараға белсене қатысты қызықты шара өткізілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=316#sigProGalleria1d876230b8
«Гүлдер би» үйірмесі «Қазіргі би ырғағы» қимылдарын қадағалауды үйрету Би үйірмесінде оқырмандардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қозғалыстарының икемділігін, сымбаттылығын қалыптастыру мақсатында «Қазіргі би ырғағы» тақырыбында қимылдарын қадағалауды және денені тік ұстау мен аяқты нық басу арқылы қимылдарды үйренді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=316#sigProGalleria49b79694a9
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеуге насихаттау мақсатында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Терроризм қауіп-қатерінен сақтану жолдары» тақырыбында құқық алаңы өткізілді.
Іс-шараға С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқырмандарға терроризм ұғымына, түрлеріне, қай уақытта пайда болғанына түсінік берілді.
«Оқырмандар арасында террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?» атты пікірталас өткізіліп, террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы туралы айтылды. Кітапханашылар тарапынан оқырмандарға сұрақтар қойыла отырып, белсене атсалысып ойларын толық жеткізді. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=316#sigProGalleriad0cbcc2d26
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында № 13 бөбекжай балабақшасының кішкентай бүлдіршіндерінің қатысуымен «Логопедтік пункт» тақырыбында логопедиялық жаттығулар өткізілді.
Іс-шарада логопедтік жаттығуларды жалпақ тіл ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе, ожау тәрізді қалыпта ұстауын үйрету мақсатында оқырмандармен ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздей отырып арнайы жаттығулар жүргізілді.
Тіл гимнастикасы қызықты және көңілді өтті. Бет пен ерінге арналған артикуляциялық гимнастика кешені үйретіліп, сөйлеу барысында балалардың дұрыс тыныс алуын дамытуға арналған ойындар ойнатылды. Ұсынылып отырған ойындардың барлығы баланың сөйлеу қабілетін арттырды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=316#sigProGalleriaba404e1b9f