Оқырмандарға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуіне ықпал ету мақсатында №11 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында кітапханалық журфикс өткізілді.
Іс-шараға аталған орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Асетилдаева Анипа Бакираевна, психолог – Абитжанова Жанар Аманжоловна және медбике – Нұрманова Мадина Құмаровна қатысып, болашақ маман иелеріне өздерінің мамандықтарын таңдау барысында кездескен кедергілері, қызықтары, еңбек жолдары туралы баяндап берді.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мамандық, мамандық таңдау, мамандықтың түрлері, қазіргі кездегі заманауи және қауіпті мамандықтар туралы көптеген тың ақпараттар берсе, қатысушылар мамандық туралы өз ойларын ортаға салып, өздерінің таңдаған мамандықтары, аталған саланың қызықтыратын және ұнайтын тұстарымен, мамандық таңдауда кездесіп жатқан қиындықтарымен бөлісті.
Іс-шара соңында оқырмандар кітапханалық журфикске байланысты жасалған кітап көрмесімен танысып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=288#sigProGalleria700c39c6de
Жарты әлемнің билеушісі атанған Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай, «Ұлы Мысыр елінің сұлтаны» дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға тарих маманының оқытушылары ұлы тұлғаның балалық шағы, қызығушылықтары (ат ойындары, аңға шығу) құлдықтан Мысыр елінің сұлтанына қалай жеткені, адамгершілік қасиеттері туралы толық мәлімет берді.
Дөңгелек үстел барысында «Дара тұлға Бейбарыс» кітап көрмесі жасалып, библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=288#sigProGalleriacc8e5d73cd
Балалар жазушысы Совет Әлімқұловтың туғанына 85 жыл толуына орай «Балалар бағының бағбаны» тақырыбында дауыстап оқу өтті.
Балалар жазушысы Совет Әлімқұловтың өмірі және шығармашылығымен таныстыра отырып, жас оқырмандарды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету мақсатында Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында оқырмандарға кеңінен таныстырылып, С.Әлімқұлов атамыздың балаларға арналған «Көзмоншақ», «Сыбызғы», «Өрімтал», «Ықылас», «Күн көсем», кітаптарынан өлеңдер оқылып, «Шекарашы сәулет» повестьін дауыстап оқып, бүлдіршіндер кітапқа деген қызығушылықтары арта түсті.
Кітапханада ақынның өмірімен шығармашылығына арналған «Бұлақтай кәусәр жырлары» тақырыбында кітап көрмесі қойылып, библиографиялық шолу жасалды.
Көрмеге қойылған кітаптар: Совет Әлімқұлов «Өрімтал» : [мәтін]: өлең, /С.Әлімқұлов.- Алматы: Жазушы, 1975 ж, - 25 б. Совет Әлімқұлов «Сыбызғы» : [мәтін]: өлеңдер: /С.Әлімқұлов.-Алматы: Жалын,1982 ж.- 39 б. Совет Әлімқұлов «Қол айна»: [мәтін]: өлеңдер: /С.Әлімқұлов.-Алматы: Жалын,1980 ж.- 64 б. Совет Әлімқұлов «Көзмоншақ»: [мәтін]: өлеңдер, повесть: /С.Әлімқұлов.-Алматы: Қазығұрт, 2008 ж.- 240 б.
Балалар жазушысы Совет Әлімқұловтың туғанына - 85 жыл «Балалар бағының бағбаны» дауыстап оқу
Comments2023 жылы "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында, жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылды.
Қоғам қайраткерінің шығармаларын насихаттау мақсатында "Кітап және қаламгер" бейнешолуы оқырман назарына ұсынылды.
Бейнешолуда жазушының өмірбаяны, шығармашылық жолы көрсетілген
Comments