Отбасылық кітап оқу мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру және оқырмандарды кітапханаға үзбей келуін әдетке айналдыру, отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқырмандарға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «кім жүйрік» ойыны ойнатылып, «Жақсы көрем», «Ерасыл», «Еркеш Еркебұлан», «Қандай болып өсемін», «Менің атам», «Қара қуыстың желі» және т.б кітап көрмесі ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ем алушылардың ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=284#sigProGalleriaedb0af9e50
Іс-шара барысында оқырмандарға Сұлтан Қалиевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ел ағасының өмір өткелдері» тақырыбында әдеби вернисаж өткізілді. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәліметтер берілді. Қатысушылар «Біз шадыман баламыз», «Қандай болып өсемін», «Кішкентай астрономдар», «Теміртесер» кітаптарымен таныстырылды. Сондай-ақ, ақынның кітаптарынан жұмбақтар жасырылып, бүлдіршіндер жарыса жауап берді. Оқырмандарға Сұлтан Қалиевтың жазған өлеңдері қатты ұнады. Әрбір туындысына балалар қызығушылық танытып, іс-шараға белсенді атсалысты.
Ақынның адалдық, ізгілік, достық, өнер-білімге шақыратын шығармалары бүлдіршіндердің санасын одан әрі жетілдіріп, білімдерін шыңдай түсуіне ықпалы зор. Сондықтан жас буынның осындай талантты тұлғалардың шығармаларын оқуы ең негізгі тәрбие көзі болмақ.
Іс-шара соңында кітапханашы «Балаларға базарлық» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
-
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Өлеңдер» [Мәтін]:-Балаларға арналған. «Жазушы».-1968.-72б.
- «Кішкентай астраномдар» [Мәтін]:-Балаларға арналған. «Жалын» 1977.-50б.
- «Теміртестер» [Мәтін]:-Сықақтар менмысалдар; «Жазушы», 1979.-100б.
- «Біз шыдман баламыз» [Мәтін]:-Өлеңдер, жұмбақтар, Жаңылтпаштар, поэмалар.Алматы. «Өнер 21-ғасыр» қағамдық қоры, 2013.-382б.
- «Қандай болып өсемін» [Мәтін]:-Ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.Алматы: «Балауса», 1994.-320бет.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=284#sigProGalleriad5761b7258
1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бірліккүні.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=284#sigProGalleriaec3eeb6ecc
Оқырмандарға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Достық – шырағымыз» кітап көрмесі жасалды.
Кітап көрмеге нақыл сөздер, фотоальбомдар, достық туралы кітаптар, газет-журналдар қойылып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=284#sigProGalleria69505b91ab