«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осыған орай кітапхана оқырмандарын жаңа оқулықтармен таныстырып, жас ерекшелігіне байланысты көптеген кітаптар ұсынылды. «Мидас патша», «Шошақай шелпек», «Хайди», «Жәндіктер», «Менің атым Қожа», «Мятная сказка», «Гарри Поттер и Узник Азнабана», «Шоко әлем», «Рауз и магия холода» т.б. жаңа кітаптар ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=260#sigProGalleriaa3a4e09bf9
Балалар жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға тереңірек оқыту мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында әдеби рандеву өткізілді.
Іс-шара барысында #32 орта мектебінің оқырмандары Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылығымен танысып, «Сүйемін», «Ата толғауы немесе жеті ата жыры» өлеңдерін жатқа айтып, «Саусақтар айтысы», «Өкпелі машина» ертегілерінен қойылымдар қойды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=260#sigProGalleria95cf231212
Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында республикалық кітапханалар оқырмандарының арасында (12-16 жас аралығындағы) «Ең үздік пікірдің авторы», «Кітапхана досы», «Зерделі оқырман» үш номинация бойынша «Оқитын өңір» республикалық online байқау өткізілді.
Өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, рухани мәдениетімізді насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Оқитын өңір» республикалық online байқауына облыстар көлеміндегі кітапхана оқырмандары үлкен қызығушылықпен қатысып, байқау өз мәресіне жетті.
Байқау нәтижесі бойынша Жамбыл облысы, Тараз қаласынан қатысқан №125 Education мектебінің 11 сынып оқушысы Айым Қайратқызына «Ең үздік пікірдің авторы» номинациясы берілді.
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №132 Түймебай Айтбаев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Мерует Серікжанқызы «Зерделі оқырман» номинациясы бойынша марапатталды.
Астана қаласынан қатысқан №43 қосымша білім беру мектебінің оқушысы Баян Рашидин «Кітапхана досы» номинациясына ие болды.
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданынан қатысқан Сабырова Айнұр, Қонар Бекарыс ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқауға қатысқан басқа да үміткерлер белсене атсалысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=260#sigProGalleria55b3bdcc3e
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау жасай алуға тәрбиелеу; оқырмандардың әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу мақсатында 21 маусым Халықаралық әкелер күніне орай «Әке – ұрпақтың панасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмеге Төлен Әбдікұлы «Әке» Алматы «Қайнар» баспасы 2005 ж, (2дана), Пернебай Дүйсенбин «Ән салшы, Әке!», Қаржаубай Омарұлы «Әке» Алматы «Балауса» баспасы, 1994 ж, (2 дана), Елжас Ертайұлы «Бала тәрбиелеме өзіңді тәрбиеле», Абдулманап Нурмагамедов «Отец» издотел. «АСТ», Москва, Мұхитдин Исаұлы «Отбасы ғылымхалы» Алматы «Самға» баспасы, 2018 ж, атты кітаптарымен бірге «Ақ жол» газетінің бетіне басылып шыққан «Әке» тақырыбындағы әңгіме, газет журналдар қойылды. Бұл кітап көрмесі әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты жолға қоюға, әке беделін арттыруға көп көмегі бар.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=260#sigProGalleria1346a54e17