«Гүлдер» би үйірмесі «Өзбек» биі балаларға би қимылдарын музыка ырғағына сәйкес орындауға үйрету.
Би үйірмесінде оқырмандардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қозғалыстарының икемділігін, сымбаттылығын қалыптастыру мақсатында балалар «Өзбек» биінің қимылдарын үйренді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=248#sigProGalleriaaa8ee82120
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында «Тұрғын үй алу жолдары» тақырыбында «Отбасы банкінің» қаржы кеңесшісі – Қасымова Жанна Жұмабекқызы оқырмандардың мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана алудың жолдары туралы қойылған сауалдарға жауап берді.
CommentsЖамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысының №10 хаттаманың 7.1 тармағына сәйкес кітапхана ұжымының қатысуымен «Жасөспірімдерді рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі жанұяның орны» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру, бала отбасының негізгі ұйытқысы екендігін түсіндіру, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу.
Кездесуге арнайы шақырылған Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы - Үкібасов Қайрат Исаұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы - Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, құқық бұзушылық, өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылу, қол жұмсау мәселелерінің алдын алу туралы мысалдар келтіріп, полиция бөлімдерінде есепке алынған «қиын» топтағы жасөспірімдермен, «жайсыз» отбасылармен жеке профилактикалық жұмыстар жайлы, сондай-ақ, жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысы жайлы ақпаратты жеткізді.
Кітапхана ұжымына отбасылық құндылықтарды дәріптейтін бірнеше бейнебаян көрсетіліп, «Отбасы – ұлт құндылығы» кітап көрмесіне шолу жасалды.
CommentsСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс» атты пікір алмасу өткізілді.
Іс-шара барысында тақырыпқа сай мәліметтер беріліп, қызметкерлерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары – Бақтыхожаев Ербол Жұмақадырұлы нақты дәйектер келтіре отырып баяндама оқыды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері көрсетіліп, қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілері де таныстырылып, әріптестермен жағдаяттарды талдау жүргізілді.
Тақырыпқа сай бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылып, сұрақ-жауаптар алмасып қорытындыланды.
Comments