1 қазан –Халықаралық қарттар күніне орай кітапханада «Зере» әжелер клубының ұйымдастыруымен «Менің әжем...» бейнеколлаж өтті.
Іс – шара барысында қарттар күнінің тарихы таныстырылды, кітапхана бүлдіршіндері өлең оқып, әжелері туралы пікірлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
CommentsСалт-дәстүрлерді сақтап, құрметтеуге үйрету мақсатында «Зере» әжелер клубының ұйымдастыруымен «Халқын сүйген, салтын сүйер» этносағат өткізілді.
Іс-шара барысында қоржын деген не, қоржын ашуға кімдер қатысады, қоржынның түрлері, әшекейлерді таратудың жолдары туралы айтылды. «Екі жағы тең толтырылған қаптың іші де, сырты да тең болсын, екі жақты да тең ұста» мақалдың мағынасы түсіндірілді.
Әжелер қоржынды ашып, алып келген кәдесыйларды жиналғандар өзара бөлісті.
CommentsОралхан Бөкейдің туғанына – 80 жыл толуына орай оқырмандардың жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастыру, көркемсөз оқу шеберліктерін дамыту, көркем әдебиетті қадірлеуге, кітап оқуға тарту мақсатында «Ешкімге ұқсамайтын қалам иесі» кітап оқу марафоны №12 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқырмандарының қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында оқырмандар қаламгердің «Өз отыңды өшірме», «Атау-кере» романдарын, «Қайдасың, қасқа құлыным» повесін, «Қар қызы» хикаяттарын, тағы да басқа шығармаларын оқи отырып, оқиға желісі бойынша түйген ойларымен бөлісіп, өмірбаяны, еңбек жолымен танысты. Сонымен қатар, жазушының кітаптарынан жасақталған көрмеге библиографиялық шолу жасалып, таныстырылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=220#sigProGalleriafbca46204a
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылығын ашып, дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру мақсатында Жамбыл политехникалық жоғары колледжі студенттерінің және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, Жастар ресурстық орталығы «Дін проблемаларын талдау» секторының меңгерушісі Қайыпбеков Нұрбек Жұмағалиұлының қатысуымен «Дін және қоғам» тақырыбында кеңес алу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында дінтанушы Нұрбек Жұмағалиұлы қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар, олармен күресу жолдары, лаңкестік әрекеттер, олардың түпкі мақсаттарын түсіндірсе, кітапханашы «Дін – тәрбие діңгегі» кітап көрмесіне шолу жасады.
Оқырмандар діни наным-сенімдер туралы өмірден нақты мысалдар келтіріп өз пікірлерін білдірді.
Comments