1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқырмандарға таныстыру, оның неден бастау алып, не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету мақсатында «Желтоқсан жаңғырығы» блиц турнир ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға 1986 жылдың дүрбелеңге толы үш күн бойына болған оқиғаларға ақпарат беріліп, Желтоқсан көтерілісінің бастауында болған Қ. Рысқұлбеков, Қ. Айтмұрзаев, Б. Иманғожаев, О. Сейтембеков, А. Қаметов, Е. Көбесбаев, Е. Сыпатаев, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова, И. Дәуренов және т.б. қаһармандарының ерлігі айтылды.
Белсене қатысқан оқырмандар Желтоқсан оқиғасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, «Желтоқсан желі» кітап көрмесімен танысты.
CommentsТәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру, Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында Жасөспірімдер үйінің оқырмандарына «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тарихи сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға еліміздің өткені мен бүгініне көз салып, жарқын келешегіне шолу жасалды. Тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізбегенімізді, тілімізді, салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып, ерлік пен өрлік, қайғы мен қасіретке толы әрі жарқын Тәуелсіздік күні туралы сұрақ-жауап алмасу ойыны өткізілді.
Кездесу соңында оқырмандарға «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалды.
CommentsЖақсылық жасау - міндетті түрде дүниені төңкеру немесе әлем білетіндей көмек көрсету емес, жәй ғана сөзбен демеп, кішкене ғана көзге ілінбес жақсылық жасаудың өзі үлкен құрметті іс.
Бүгін, кітапхана алдындағы "Д.А.Қонаев ескерткіші" маңының қарын күреп, тазалап жүрген жұмыскерлерге кітапхана қызметкерлері тіске басар мен ыстық шәй ұсынды.
CommentsБүгін, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жас талантты авторларды табу және қолдау мақсатында «Кітап жабылады, оқиға жалғасады» әдеби фанфиктер байқауының қорытындысы өтті.
Байқауға 24 үміткер өздерінің жұмыстарын алдын-ала тапсырды.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Әбенова Ғайни Әлімбекқызы мен «AQ JOL» газетінің тілшісі, жазушы Қарасаева Қамар ханым үміткерлердің жұмыстарымен танысып, үздік жұмыстарды іріктеп алды.
Іріктеу барысында бас жүлдені – Төле би атындағы №8 гимназияның 5 сынып оқушысы Таңат Нұрсұлтан, І орын - №59 орта мектептің 9 сынып оқушысы Маратқызы Нұрай мен ІІ орынды Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназияның 10 сынып оқушысы Орынбек Назерке және Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ-классикалық гимназияның 8 сынып оқушысы Арланбек Назерке иеленсе, ІІІ орын Керімбай атындағы №12 мектеп гимназияның 8 сынып оқушысы Бақытжанқызы Назеркеге бұйырды.
Қалған 11 үміткер алғыс хаттармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарын иеленді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=168#sigProGalleriaa011d2c2bc