Қазақ елінің біртуар азаматы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туған күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінің жеке құрамымен бөлім клубында Д.А.Қонаев «Қазақ халқының біртуар перзенті» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді.
Д.А.Қонаевтың өмірі мен халқына көрсеткен қажырлы еңбектері жайында ақпарат беріліп, «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалды. Д.А.Қонаевтың саясат, білім, мәдениет саласындағы үлесі туралы зиялы қауым өкілдерінің естелік әңгімелер мен бейнероликтер көрермен қауымына ұсынылды.
CommentsСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қастық» атты құқықтық калейдоскоп өткізілді.
Іс-шара барысында тақырыпқа сай мәліметтер беріліп, оқырмандарға сыбайлас жемқорлық ұғымы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілері де таныстырылды. Оқырмандармен жағдаяттарды талдау жүргізіп, «Жемқорлық-ғасыр дерті» кітап көрмесі таныстырылды.
CommentsӨскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін, көрнекі ойлауын, психомоторикасын, есте сақтау қабілетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап қорындағы баланың ой-өрісін дамытатын түрлі ойыншықтарды қолдана отырып саналы, жан-жақты ұрпақ қалыптастыру, балалардың қызығушылығы мен бейімділіктерін байқау мақсатында Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Интеллектум» жобасының тұсаукесері өтті.
Аталған жобаға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, сонымен қатар ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, «Дара бала» коррекциялық орталығының психолог маманы – Оразбекова Анар Ержанқызы қатысты.
Іс-шараға қатысушы оқырмандар ойлау қабілетін арттыратын, қолдың ұсақ моторикасын дамытатын түрлі дамытушы ойыншықтармен ойын ойнап, пазлдар құрастырып, өз уақыттарын тиімді пайдаланды.
Кітапханада өтілетін іс-шараларға «Интеллектум» жобасын қолдану міндеті жауапты маманға жүктелген. Аталған жоба жыл бойына тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=156#sigProGalleria26cb5008e3
Биылғы жылы «Бір ел- бір кітап” акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Сокпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Қазақ жазушыларының көрнекті өкілінің кітабы тұрақты көрмеге қойылып, шығармаларымен таныстырылды.
Енді оқырман жыл бойы оның шығармаларын оқып, танысады.
Comments