Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде №43 орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларымен мамандық таңдауға көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында «Мамандық – өмір таңдауы» экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында аталған колледждің білікті мамандары Оралбекова Алия Қойшыбековна мен Жамиев Шакизада оқу орны туралы ақпарат беріп, заманауи мамандық түрлерімен таныстырды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=148#sigProGalleria397a1f5e8c
Балалар мен жасөспірімдер арасында шахмат ойынын кеңінен таратуға мектеп, колледж және университеттерде шахмат секцияларын, клубтар мен кеңселерді дамытып, сонымен қатар белгілі шахматшы балалар мен жастар арасындағы шахмат ойынын танымал ету, балаларды шахмат ойынына қызығушылығын арттыру мақсатында Төлеби атындағы №8 гимназия оқушысы Расылхан Айзаданың қатысуымен «Шахмат - қызықты спорт ойыны» оқырман бенефисі өткізілді.
Іс-шара барысында Расылхан Айзада осы шахматқа қалай келгенін, шахмат ойыны несімен қызық, жеткен жетістіктері, болашақта алға қойған мақсаттары туралы толықтай сұхбат жүргізілді.
CommentsҚазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық қолөнерін қайта жаңғырту, жүнді өңдеу, оны ұршықпен иіру арқылы жіп алуға болатынын, жіптен түрлі бұйымдар жасауға болатынын насихаттау мақсатында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында әжелер жүнді қайдан алады, жүнді алу жолдары, шығу тарихы, жүнді тазалау, ұршықпен иіру, ілмекпен тоқу және кестенің түрлері туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Аталған шараның қонақтары – Гүлбахрам мен Күміскүл әжелеріміз жүн өнері, жүннен жасалған бұйымдар, олардың шығу тарихы туралы айтып, өздерінің қолынан шыққан туындыларымен таныстырып, олардың жасалу жолдарын көрсетті.
Қонақтарға тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, шара соңында әжелер өткізілген іс-шараға байланысты өз ой-пікірлерін білдірді. Шеберлік сағатты клуб мүшелері өз сөзімен қорытындылап, жас оқырманды салт-дәстүрімізді құрметтеуге, қолдағы бар құндылықтарымызды сақтай білуге шақырды.
Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасалып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=148#sigProGalleria2f91e73d74
Бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған қазақтан тұңғыш шыққан академик Қ. И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына байланысты «Қазақтың тұңғыш академигі» танымдық сағат № 23 мектептің 9-10 сынып оқырмандарының қатысуымен өтті.
Қ.Сәтбаевтың қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогеңдік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген.
Қ. Сәтбаев еңбегінің нәтижесі туралы қатысқан оқырмандарға жан-жақты мағлұмат беріліп, слайд, деректі фильмдер көрсетілді.
Академиктің өмірі, еңбек жолы туралы түйген ойларын, пікірлерін ашық айта отырып «Ел жүрегіндегі ерен тұлға» атты кітап көрмесімен танысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=148#sigProGalleria69d94b5cbd