Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 15 ақпан – Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай жас ұрпақты ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқырмандардың өрелік қабілеттерін кеңейту мақсатында «Даңқ» залында Жамбыл облыстық интернационалист жауынгерлер қоғамдық бірлестігінің ардагерлеріне «Ауғанның асуында от кешкендер» құрмет кешін ұйымдастырды.
Кешті «Жас Ұлан» ұлттық ұйымның белсенді мүшелері №7 мектеп-гимназиясының «Жарқын жұлдыздар» хор тобы «Атамекен» әнімен ашса, №13 орта мектептің триосы «Отаным» әнін №11 орта мектептің 11 сынып оқушысы Арапбаев Диас «Афганец» әнін орындады. №49, №32 мектеп оқырмандары, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің 1 курс білімгерлері соғыс туралы арнау өлеңдер мен монолог оқыды. №32 орта мектептің 8 сынып оқырмандары «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» атты көрініс қойып, сұрапыл соғыстың бейнесін көрсетті.
Кеш қонақтары Отан алдындағы борышын адал атқарған, бұл соғысты өз көздерімен көрген, куә болған Жамбыл облыстық интернационалист жауынгерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізбасаров Керім Махамбетұлы мен оның орынбасары Тортбаев Марат Асылбекұлы Ауған соғысы туралы кең мағлұмат беріп, бастарынан өткізген оқиғаларымен бөлісіп, баяндап берді.
Кітапхана оқырмандары «Журавли» әніне көрініс көрсетіп, «Веснушки» ансамблінің орындауында ұлттық әндерге попурри орындалды.
Сондай-ақ кеш барысында бейнеслайдтар, суреттер көрсетіліп, тақырыпқа арнайы жасақталған «Ауғанның отты жылдары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=140#sigProGalleria02ae7a4279
Жастарды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға баулу, төзімділікке тәрбиелеу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету және олардың ерлігін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында «Ауғанның отты жылдары» тақырыбында пікір қиылысы өткізілді.
Іс-шара барысында Ауған соғысы туралы көптеген мәліметтер беріліп, он жылға созылған қасіретті соғыста қаза тапқан азаматтар 1 минут үнсіздікпен еске алынып, бейнеролик көрсетілді.
Іс-шараға Төле би атындағы №8 гимназияның тарих пәнінің мұғалімдері – Жанасова Гүлзат Тохтарқызы мен Жұбатқан Әлия Нұржанқызы қатысып, тақырыпқа байланысты тың ақпараттарымен бөлісті.
Аталған шара Төле би атындағы №8 гимназия оқушыларының пікірталасына ұласып, «Мәдениет» және «Аманат» фракциялары ауған соғысына байланысты тұшымды ой-пікірлерін білдірді.
Шара соңында тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=140#sigProGalleria2d10e16dd4
"Театр және кітап" жобасы аясында оқырмандарға "Менің атым Қожа" повесінің кейіпкерлері апта бойына қызмет көрсетеді.
CommentsД.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жас оқырмандарды республика көлемі мен өңірімізде өзінің өнегелі өмірімен, қызметімен, өнерімен танымал тұлғаларды таныстыруды көздейтін «Үлкенге 100 сұрақ» жобасы аясында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының цирк жетекшісі, мәдениет саласының үздігі – Альчикенов Талғат Жорабекұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында кітапхананың тұрақты оқырманы – Айбек Нұрай Талғат Жорабекұлынан өзі қатарлы балалардың ойларында жүрген, өскенде дұрыс бағыт-бағдар алатын, дұрыс жолды нұсқайтын сұрақтар қою арқылы бала өміріне қажетті кеңестер алды.
Логикалық сұрақтарға жауап беру және жаңылтпаштар айту арқылы балалық шағына саяхат жасаған Талғат Жорабекұлы тосыннан қойылған сауалдарға мүдірместен жауап берді.
Кездесуде цирк жетекшісі кітапхана оқырмандары мен балаларға өзінің жылы лебізін білдіріп, қонақ кәде ретінде өз өнерін көрсетті.
Comments