Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілдерін құрметтеуге және өзге тілдерді үйренуге баулу мақсатында №23 орта мектептің 7 «А» сынып оқырмандарының қатысуымен 21 ақпан -Халықаралық ана тілі күніне байланысты «Сөз мерген» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Халықаралық ана тілі күнінің тарихы, қазақ тілі, тіліміздің мәртебесі туралы ақпараттар берілді.
Сайыс 6 кезең бойынша өткізіліп, оған «Жалын» және «Ұшқын» командалары қатысты.
І-ші кезеңде қатысушы топтар командаларының аттарын таныстырып, топтың ұранын айтты.
ІІ-ші кезеңде қатысушы топтарға кітапханашылардың тарапынан тіл біліміне қатысты сұрақтар қойылып, оған қатысушылар өздерінің ұтымды жауаптарын берді.
ІІІ-ші кезеңде қатысушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табу бойынша сынға түсті.
ІV-ші кезеңде әр топ бір-біріне түрлі сала бойынша сұрақтар қою арқылы жарысқа түсті.
V-кезең кезеңде қатысушыларға жасырын тұрған сөзі бар мақал-мәтелдер берілді. Әр топ жасырын тұрған сөзді тауып, оның орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларын айтты.
Қорытынды кезеңде қатысушылар жан-жануарлардың табаны арқылы бейнеленген есептерді шешу бойынша бақ сынасты. Сайыстың қорытынды нәтижесі бойынша «Ұшқын» тобы жеңіске жетті.
Іс-шара соңында тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
CommentsОқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, өз тілдерін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге, туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай «Ана тілім мақтанышым – мерейім» даналық сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Халықаралық Ана тілі күні мерекесінің тарихы, Қазақстандағы мемлекеттік тілдің мәртебесі, ана тілі туралы мақал-мәтелдермен ұлт даналарының қанатты сөздері айтылды.
№32 орта мектеп оқырмандары ана тілге қатысты өлеңдер оқып, өз ойларын ортаға салды. Ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуға шақырды. Сондай-ақ арнайы осы шараға ұйымдастырылған «Ана тілім мақтанышым – мерейім» көрмесімен танысты.
CommentsОқырмандарға болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беру мақсатында «Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында «SDU University» мекеменің білімгерді қолдау және рекрутинг департаментінің бас маманы Төлбасы Арман оқу орнының құрылу тарихынан бастау алып, университеттің оқыту деңгейлеріне тоқталып өтті.
Талапкерлерге қойылатын талаптар мен міндеттерді түсіндіріп, оқытушылармен алмасу саласында және академиялық байланысты дамыту бойынша шетел ЖОО-мен алмасу практикасының жүргізіліп жатқандығын айтты.
Білім беру қызметтерін ұсынуға арналған жоғары білікті мамандар, дамыған инфрақұрылым және материалдық-техникалық базасы бар таңдаулы оқу орны екендігі айтылды.
Іс-шара соңында оқырмандарға «Мамандық таңдау – болашақты ойлау» кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды және жадынама парақшалары таратылды.
Comments«Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында университеттер апталығы Азаматтық авиация академияның онлайн кездесуімен басталды.
Жобаның мақсаты оқырмандарға болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беру.
№12 және №32 мектеп түлектеріне Азаматтық авиация академиясының «Рекрутинг және мансап» орталығының басшысы Бексеитова Гүлмира Көпшеловна авиация саласының тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін ІСАО EASA IATA халықаралық талаптарына сәйкес авиация мамандарын даярлау бойынша Қазақстан мен орталық Азиядағы дәстүрлі көшбасшы болып табылатын бірегей оқу орны екендігін айтып өтті. Академияда білім беру қызметтерін ұсынуға арналған жоғары білікті мамандар, дамыған инфрақұрылым және материалдық-техникалық базасы бар таңдаулы оқу орны екендігіне баса назар аударылды.
Zoom платформасында өткен кездесуде мектептердің болашақ түлектері тікелей эфирде өздеріне қажет барлық мәліметтерді алды.
Іс-шара соңында оқырмандарға мамандық таңдауда кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау – болашақты ойлау» кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды және Азаматтық авиация академиясының жадынама парақшалары таратылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=136#sigProGalleria9b76afa09d