Оқырмандарды әдеби шығармалардың кейіпкерлерін театрландырылған көріністер арқылы кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында «Ертегіні сахналауға шығайық» тақырыбында «Театр және кітап» жобасының ашылуы өтті.
«Қошқар мен Теке» ертегі желісінің кейіпкерлері жас оқырмандармен «Дос іздеген Бота», «Шалқан», «Алтын сақа» ертегілеріне бірге саяхат жасады.
Бүлдіршіндерге арналған түрлі ертегі кітаптары мен заманауи 3D, 4D және ашылмалы, сөйлейтін кітаптарға шолу жасалып, «Ертегілер әлемі» әнімен аяқталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=132#sigProGalleriad908dddf97
Қазақстандағы «Дара» қоры ұсынған «Тәлімгерлер» жобасы аясында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Тәлімгер кемесі» атты корпоративті тәлімгер бағдарламасын қолға алды. «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған бұл жоба балалар мен жасөспірімдердің даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және дұрыс мамандықты таңдап игеруді қолдауға, сонымен қатар жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету арқылы өз идеяларын, ой-қиялдарын іс жүзінде жүзеге асыруға көмектесуді көздейді. Алғашқы ашық мотивациялық кездесу «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында ұйымдастырылды.
Шара барысында бағдарламаның мақсаты мен бағыты таныстырылып, «Біз не істеуге құқылымыз?, Не істеуге міндеттіміз?» сұрақ-жауап, "Мен өз іс-әрекеттерім үшін жауаптымын» «Анаға тағзым» орталығының психолог маманы А. Назымбекова психологиялық тренинг өткізсе, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының "Балауса" циркінің әртісі Талап Таубеков балаларды сиқыр әлеміне жетеледі. Жас ақындарымыз Нурланов Ерлан Керімжанұлы және Сымбат Сұлтан балаларға арналған жыр шумақтарын оқыса, мекеме тәрбиеленушілері «Қара шекпен» театрландырылған көрініс көрсетті.
Кеш соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтіп, мекеме басшылары аталған жоба аясында бірге жұмыс атқаратындықтары туралы келісім жасасты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=132#sigProGalleria6497d9e783
«Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Егеубаева Ляззат Бакитовна 2023 жылғы «Top Universities» рейтингі бойынша әлемнің үздік 277-ші университеті болып саналатын оқу орны екендігін айтып өтті. Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің бастаушы білім беру қорларымен, ғылыми-зерттеулер, студенттермен, оқытушылармен алмасу саласында және академиялық байланысты дамыту бойынша шетел ЖОО-мен 120-ға жуық келісім-шарт жасасқан, ЕҰУ халықаралық университеттер - ШЫҰ елдерінің университеттері, ТМД Желілік университеттерінің толық мүшесі болып табылатындығына баса назар аударды.
Zoom платформасында өткен кездесуде №33, №13 орта мектепдің болашақ түлектері тікелей эфирде сұрақтар қойып, өздеріне қажет барлық мәліметтерді алды.
Іс-шара соңында оқырмандарға «Мамандық таңдау – болашақты ойлау» кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды және жадынама парақшалары таратылды.
Comments«Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кәсіби бағдарлау, оқу-өндірістік практика және жас мамандарды орналастыру» бөлімінің басшысы Төкеева Айгерім Дәулетқызы оқу орнының құрылу тарихын баяндап, академияның оқыту деңгейлеріне тоқталып өтті.
Мектеп түлектерінің шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзімін, мемлекеттік гранттардың кімдерге жеңіп алуына мүмкіндігі бар екендігін де айтып кетті.
Академия тарапынан ұйымдастырылып отыратын байқаулар туралы, жеңімпаздардың басымдылықтары туралы толық мағлұмат берді.
Zoom платформасында өткен кездесуде №12 мен №8 гимназиялардың болашақ түлектері тікелей эфирде сұрақтар қойып, өздеріне қажет барлық мәліметтерді алды.
Іс-шара соңында оқырмандарға «Мамандық таңдау – болашақты ойлау» кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды және жадынама парақшалары таратылды.
Comments