«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында № 13 бөбекжай балабақшасының кішкентай бүлдіршіндерінің қатысуымен «Логопедтік пункт» тақырыбында логопедиялық жаттығулар өткізілді.
Іс-шарада логопедтік жаттығуларды жалпақ тіл ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе, ожау тәрізді қалыпта ұстауын үйрету мақсатында оқырмандармен ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздей отырып арнайы жаттығулар жүргізілді.
Тіл гимнастикасы қызықты және көңілді өтті. Бет пен ерінге арналған артикуляциялық гимнастика кешені үйретіліп, сөйлеу барысында балалардың дұрыс тыныс алуын дамытуға арналған ойындар ойнатылды. Ұсынылып отырған ойындардың барлығы баланың сөйлеу қабілетін арттырды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=124#sigProGalleriaf5e788eab1
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Аяулы анашым» мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Іс-шара барысында «Айқын» бөбекжай-бақшасының «Самал» тобының оқырмандары Ана тақырыбындағы әндерді шырқап, «Кәусар» тобының кішкентай бүлдіршіндері аналар мен әжелер туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.
«Самал» тобының бишілері «Радуга» және «Көктем» билерін билеп, аналарды қуанышқа бөледі.
Кеш соңында балаларға сыйлыққа тәттілер таратылып, «Адамзаттың асылы – Ана» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
CommentsД.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бердібек Соқпақбаев балалар бағының бағбаны» автор бенефисін ұйымдастырды.
Қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бенефисті Жанар, Қожа және Сұлтан образындағы кітапханашылар жүргізді. Кітапханашылар жазушының шығармашылық жолын балаларға өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналғанын, сондай-ақ балаларға арналған бірнеше сценарий, пьесса жазғанын да айтып өтті. «Ұста-групп Бүркітәлі» ЖШС мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Абдалимов Жайдар «Сарыжайлау» әнін орындап, «Бүркітәлі» бишілер тобы қазақ биін билеп ашты. Аталған мектептің 4 сынып оқушылары «Менің атым Қожа» шығармасының желісі бойынша түсірілген, қазақ кино өнерінің жауһарына айналған фильмнің үзінділерін көрініспен әсерлі етіп жеткізді.
Сондай-ақ бенефис барысында Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны таныстырылып, классиктің өміршең шығармалары әлі күнге дейін сұранысқа ие екені айтылып, арнайы жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды.
Comments1 наурыз Халықаралық алғыс айту күніне орай "Алғыс айту-парызым тақырыбында либ-моб өткізілді.
Либ-моб қала көшелерінде, "МАРТ" сауда орталығының маңында жəне "Мейірім" мектебінде əр түрлі жастағы азаматтармен сұхбат жүргізілу, сұрақтар қою, ақпарат беру бағытында өтті.
Кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында кітапхана мекен-жайы жазылған смайликтер таратылды.
Comments