Бала құқықтары туралы конвенцияның 35 жылдығына орай «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» кітапханалық жобасы аясында «Құқық және заң әлемінде» балаларға жан-жақты ақпарат беретін кеңес көрмесі ұйымдастырылды.
Балалардың құқықтарын қорғайтын дүниежүзілік құжаттың тарихына қысқаша шолу жасалынып, конвенцияда көрсетілген құқықтары тарқатылып көрсетілді.
Мемлекеттің басты байлығы – балалар, әрдайым мемлекет қорғауында екені айтылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=120#sigProGalleriadcedefa4ab
Халқының мақтан тұтар тұлғаларының өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету мақсатында, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына – 130 жыл толуына орай, Ы.Алтынсарин атындағы №49 орта мектептің 7 сынып оқушыларымен «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға» тарихи дүрбі өтті.
Оқырмандарға Т.Рысқұлов туралы толық ақпарат беріліп, ақын-жазушылардың жазған шығармалары насихатталды.
М.Әуезовтің «Қараш-қараш» оқиғасындағы Рысқұл бейнесі мен Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» шығармасындағы Тұрар бейнесі салыстырмалы түрде түсіндірілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=120#sigProGalleria9f2788a57c
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына үміткерлер облыстық деңгейде бақтарын сынады.
Байқаудың негізгі мақсаты – атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштап, жетілдіру.
Байқауға іріктеуден өткен 9 үміткер додаға түсіп, қатысушылар ережеге сай дайындықпен келгендіктерін көрсетіп, аталған шарада белсене қатысып отырды.
Шараны тамашалауға орта және жалпы білім беру орындарынан 30-ға жуық жас оқырмандар, жетекшілер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша IIIорынды Меркі ауданының балалар кітапханасының жас оқырманы Жаңғабай Фариза және Байзақ ауданынан Ғайпбай Мөлдір иеленсе, II орын Талас ауданы Мұхтар Гаухарға, I орын Жамбыл ауданының жас оқырманы Жамалбек Мерейге берілді.
Ал, Астана қаласында осы жылдың 27 наурызда өтетін ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына қатысуға жолдаманы Тараз қаласының Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының 7сынып оқушысы Әлімахамет Әдия алды.
Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=120#sigProGalleriafcb3985ac7
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осыған орай оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырып, жас ерекшеліктеріне байланысты «Қыз Жібек», «Ұлы даланың ұландары», «Ауыл балалары мен қала балалары», «Саяхатшы шыбын: өлеңдер мен ертегілер», «Қарға мен тотықұстың басынан кешкендері», Қ.Шонбайдың «Екінші болма!», Б.Садырдың «Әлем әзіл әңгімелері», М.Әуезовтың «Көксерек» және Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» кітаптары ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=120#sigProGalleriaa45e0c802e