Балалар мен жасөспірімдер арасында таэквондомен айналысуы жеке тұлғаның мінез-құлқын, тәртібін, ерік-жігерін тәрбиелейді, жауапкершілік сезімін дамытады. Жастардың таэквондо спорт түріне қызығушылығын арттыру мақсатында №3 мектеп-лицей оқушысы Маратхан Даулеттің қатысуымен «Жетістігі мол жас спортшы» атты сұхбат өткізілді.
Іс-шара барысында Даулет осы спорт түріне қалай келгенін, таэквондо спорты несімен қызықтырғанын, өзінің жеткен жетістіктері мен болашақта алға қойған мақсаттары туралы айтып берді.
CommentsӨскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, эко-білім беру, тірі табиғат пен өлі табиғаттың айырмашылығын түсіндіру мақсатында №13 бөбекжай бақшасының тәрбиеленушілерімен «Табиғат – ғажап әлем» арт-терапия өткізілді.
Шара барысында бүлдіршіндер әсем табиғаттың суреттерін бояп, сол бойынша әңгіме құрастырды.
Comments7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «Мейірім» мектеп-интернатының 4 сынып оқушыларымен, жас оқырмандарды әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануды ұғындыру мақсатында "Салауатты өмір біздің болашағымыз" тақырыбында эстафеталық ойын өткізілді. Балалар "Алғыр" және "Бәйге" тобына бөлініп, әртүрлі жарыстар ойнады.
Жарыс соңында "Алғыр" тобы басымдылық көрсетіп, озып шықты жарысымыз өте қызықты өтті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=108#sigProGalleriac49fea5574
Әр сәуір айының басында халықаралық балалар кітабы күні атап өтіледі. Оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын атап көрсету және кітапхана имиджін көтеру мақсатында осы күнге орайластырылып Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер және облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханалары «Көне Тараз» тарихи, этно-мәдени кешені, көркемсурет галереясында «Әлемді кітап арқылы танимын!» мерекелік кеш өткізді.
Кеш барысында ерекше атмосфера сезіліп, Қошқар мен Теке және басқа да ертегі кейіпкерлері балаларға блиц сұрақтар қойып, ертегі желісі бойынша жұмбақтар, жаңылтпаштар мен викториналық сұрақтар жасырып, ойындар ойнатты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университет білімгерлерінің қатысуымен «Театр және кітап» жобасы аясында «Үш торай» және «Бауырсақ» ертегілердің қойылымдары қойылды, ал «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» талантты өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында оқырмандарға балалар әдебиетінің кітап көрмесіне шолу жасалып, белсене қатысқан балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Кітапхана ұжымы аталған іс-шараға қолдау көрсетіп, жоғарғы деңгейде өтілуіне септігін тигізген өнер орталықтары мен өнерпаздарға алғысын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=108#sigProGalleria0f3c57bea2