Аудандық балалар кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету, жаңа форматтағы жұмыс түрлері арқылы уақытты тиімді пайдалануды жүзеге асыру мақсатында «Zооm» платформасы арқылы «Балалар кітапханасы – көпфункционалды оқу орталығы» іс-тәжірибелік семинар өтті.
Семинар кітапхана директоры Г.Инкарбекованың «Кітапхананың инновациялық даму стратегиясы» атты алғы сөзімен басталды.
Іс-тәжірибе барысында әдістемелік бөлімнің меңгерушісі – Т.Кузенова «Кітапханадағы әлеуметтік инновациялар» атты баяндама жасап, аудандық кітапхана қызметкерлерін кітапханалық жобалармен таныстырды.
Кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі – М. Мелдеева «Зияткерлік белсенділіктен интеллектуалдылыққа дейін» тақырыбында онлайн сабақ өтті. Сабақ барысында кітапхана жұмысын жеңілдетуге және бейнероликтерді сапалы жасауға септігін тигізетін тиімді бағдарламалар (QR қосымшасы, Movavi, Canva) туралы айтты.
Жамбыл облысының 85 жылдығына орай жасалған «Тарихы терең, тағылымы мол өлке» электронды көрсеткішін ақпараттық-библиографиялық секторының меңгерушісі – Г.Мамырова таныстырды.
Құлан ауылдық балалар кітапханасының меңгерушісі – М.Токиева, Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапхана қызметкері – Г.Егеубаева, Байзақ аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі – Г.Чуметова «Кітапхана қызметіндегі жаңа форматтар» тақырыбында кітапханалардың жаңа бағыттағы атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=104#sigProGalleria156cf41795
Тараз қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 36 орта мектеп базасында өткен қалалық «Кітап оқитын мектеп» атты байқауға Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Жанат Ауелева қазылар алқасы мүшесі ретінде қатысты.
Байқау «Кітапханашы – мәртебелі мамандық !», «Кітапхана – оқырман елі», «Оқитын мектеп – табысты мектеп», «Ізден – талаптан, оқырман!», «Әдеби пост» кезеңдері бойынша өтті.
Қатысушылар «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылған 1770 көркем әдебиеттер бойынша презентация жасады.
Оқыған шығармалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, қойылым көрсетті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=104#sigProGalleria559a6a3c0b
Қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын және оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл толуына орай №32 орта мектептің 7 сынып оқырмандарының қатысуымен «Заманның заңғар тұлғасы» әдеби вернисаж өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларына және повестеріне жеке-жеке тоқталып, түсінік берілді.
«Менің атым Қожа» киносынан үзінді оқырмандар назарына ұсынылып, «Қожа» мен «Сұлтан» тобы болып бөлініп, сұрақ-жауап ойыны ойнатылды.
Классиктің туындыларынан құралған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
CommentsД.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Біз біргеміз бәріміз» кітапханалық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында тізім бойынша жекелеген үйлерге барып, жас ерекшелігіне байланысты «Нотр-дам бүкірі», «Том Сойердің басынан кешкендері», «Пиноккио», «Джунгли кітабы», «ХШвейцариялық робинзондар жанұясы», «Құпия бақ», «Шоко әлем», «Таңғажайып хикаялар», «Апа, сені сағындым», «Анық пен танық», «Шын жүректен» т.б. жаңа кітаптар ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&start=104#sigProGalleriaa6eeaffbd9