Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторы №13 орта мектептің 6-сынып оқушыларының қатысуымен Отбасы күніне орай «Отбасы–аялы алақан мекені» тақырыбында өнеге сағатын өткізді.
Мақсаты: балалардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Ата-ананы құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу. Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.
CommentsКітапхана қызметкерлері ақын Марфуға Айтхожинаның туғанына 80-жас толуына орай №12 Керімбай атындағы мектепте «Жыр аққуы» атты әдеби композиция өткізді. Іс-шараның мақсаты: ақын М. Айтхожинаның өмірі жайлы түсінік беру. Оқырмандарды ақынның шығармаларымен таныстыру. Жас ұрпаққа ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие беру.
CommentsТәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталғанына 100 жыл толуына орай Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектепте «Даладағы дабыл» атты әңгіме презентация ұйымдастырылып, өткізілді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Заңды білу заман талабы» атты кездесу кеші өтті.
Comments