Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Заңды білу заман талабы» атты кездесу кеші өтті.
Кешке Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының құқықтық қызметінің бас маманы Шеримов Нұрсұлтан қонақ ретінде шақырылып, осы тақырып аясында Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балалар бөлімі, кітапхана қызметкерлері мен жалпы оқырмандарға заңды білу заман талабы жайында мардымды мағлұматтар берді. Кеш соңында «Алға Қазақстаным» атты әуені орындалып, оқырмандардың патриоттық сезімдерін оятты. Оқырмандардың көкейлеріндегі сұрақтарға тиісті жауаптар берілді..
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/822-za-dy-bilu-zaman-talaby-kezdesu-keshi.html#sigProGalleria56b8b2ea18