«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» әңгіме – презентация
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отыз жылдық көшбасшылығы турасында оқырмандарға Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімді, Елбасына деген құрметті ояту мақсатында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» әңгіме - презентация ұйымдастырылып, «Кемеңгер көшбасшы» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Әңгіме барысында әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биік тұлғасы ашылып, оның өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беріліп, «Елбасының жолы» бейнеролик көрсетілді. Ерен еңбегінің арқасында Қазақстан Республикасы отыз жылдың ішінде іргесі бекем, қадамы нық, бағыт-бағдары айқын мемлекетке айналғанына үлес қосқан – Қазақстан халқының тұңғыш Президентіне шексіз алғыс баса айтылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=660#sigProGalleria898c9a84a4
«Ертеңінді ойласаң – есірткіге жолама»
акция
26 маусым Халықаралық есірткіге және есірткі саудасымен күрес күніне орай оқырмандарды адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға шақыру мақсатында «Ертеңінді ойласаң – есірткіге жолама» акция ашық аспан астында өтті. Акция барысында оқырмандарға адам денсаулығының қымбаттылығын ұғынып, оның бағалы байлық екендігін түсіндірілді. Оқырмандар есірткі туралы өздері жинаған мәліметтерін ортаға салды. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Есірткінің зияны мен зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау - білімділіктің, көргенділіктің бейнесі. Әрбір жас: ең алдымен, құқықтық сауатты мәдениетті, есірткіге тәуелді көріністерді ажырата білетін, «нөлдік» төзімділігі қалыптасқан, білімді, бәсекеге қабілетті болуы, азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуға міндетті екендігі айтылып, есірткі дертінен арылып, әлемдегі дамыған алдынғы қатарлы елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосатындары жайлы айтып, көше жүргіншілеріне, мекеме орындарына арнайы парақшалар таратты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=660#sigProGalleriab1cd60b60e
«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»
ақпарат сағаты
Оқырмандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне, төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу, және оны бойларына сіңіру мақсатында кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» ақпараттық сағат өткізілді.
CommentsД.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының облыстық бөлімшесімен бірлесе отырып Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жазушы-журналист, аудармашы, драматург, көптеген нәзира жырлардың авторы, ақын, көркем публицист Арғынбай Бекбосынды зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел басында еске алу кешін өткізді. Іс-шараны Д.А.Қонаев қорының төрағасы Амангелді Кәрентаев ашып, жүргізіп отырды. Еркімбек Солтыбаев бастаған Облыс ардагерлері мен Баттал Жаңабайұлы, Сәттар Жанәбілев,Қасымхан Тулендиев сынды ел ағалары, Қайырбек Асанов, Көсемәлі Сәттібайұлы, Құрманғазы Демешев, Есет Досалыдай жазушы, журналист-ақындар және тағы да басқа көптеген жақсылар мен жайсаңдар Ар-Ағаның руxына арналып оқылған Құранға қол жайысып, марқұмның ұрпақтары мен туған-туыстарына өздерінің алғысын білдірді. Ақынның өмір жолына байланысты «Ардың жүгін арқалаған...» кітап көрмесі ұйымдастырылып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, мүшелері Нәрейім Сейдуалиев, Амангелді Кәрентаев т.б. жазушы-драматург жайлы естеліктерімен бөлісті. Іс-шара жергілікті «Jambyl»телеарна бойынша ақпараттандырылды. «Ақ жол», «Ар-Ай», «ҒұмырДария» облыстық мерзімді басылымдарда да арнайы мақалалар жарық көретін болады.
Comments