Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасы аясында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі балалар кітапханалары арасында «Идеядан жобаға» дейін тич-ин өткізді.
⠀Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында өткен тич-инді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Амалов Лесбек Сәрсембекұлы алғы сөз алып, халқымыздың мәдениетін, әдебиетін, тарихын, өнерін насихаттауға, еліміздің білім салаларының дамуына, үлес қосып келе жатқан кітапханашы мамандарға шексіз ілтипатын жеткізді.
⠀Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Инкарбекова Гульфайруз Қапарқызы «Кітапхана – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» баяндамасында кітапхананың жобалары мен байқаулары туралы айтты.
⠀Басқарма басшысынан кейін сөз алған Жамбыл облысының "Рухани жаңғыру" жобалық офисінің басшысы Қуатова Зарина Пердыбекқызы Бағдарламаның басым бағыттары және арнайы жобалармен тиімді жұмыс жасау жолдарын түсіндіріп, өңірдегі жүзеге асырылған және алдағы атқаратын жұмыстарды атап өтті.
⠀Тич-инді 40-тан астам жобаның авторы, «Үздік кітапханашы» медалінің иегері, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің филиалы – С.Бегалин атындағы Орталық қалалық кітапхананың жетекшісі – Конарова Алма Сейсенқызы жүргізді. Қатысушыларға «Жас оқырмандарға оқуды насихаттау, кітаптарды танымал ету бағыттары», «Үйірме жұмысы» және «Пандемия кезіндегі жұмыс тәжірибесі (виртуалды кітапхана)» тақырыптары толық ашылып баяндалды.
⠀Тич-инге Жамбыл облысының он ауданынан 24 кітапханашы қатысты.
⠀Тич-иннің негізгі бөлімінен соң қатысушылар практикалық жұмысқа көшті. Алма Сейсенқызы қатысушыларды үш топқа бөліп, әр қайсысына тапсырмалар берді. Әріптестер қолда бар материалдарды қолданып, іс-шараның негізгі тақырыбын ашуды үйренді. Әр топ өзінің креативті ойын, кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін шыңдады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=640#sigProGalleria141b1fa13a
Оқырмандардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту, Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығымен бірлесе отырып, «Айбары асқақ – Ата заң» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Іс- шара барысында оқырмандарға Ата Заңның маңыздылығы мен тарихы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, екі топқа бөлінген қатысушылар интеллектуалды сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сиқырлы қалам сайыстары бойынша өз бақтарын сынады.
Іс-шара соңында оқырмандар «Жүрек жылуы» жаттығу арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, кітапханашы «Айбары асқақ – Ата заң» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш қонақтары «Алға» әнін орындап, кітапханамен Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесіне саяхат жасады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=640#sigProGalleriab27ef2e495
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана ұжымы арасында «Шынықсаң шымыр боларсын!» атты спорттық жарыс» өткізілді.
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын күтуге, бағалауға шақыру. Әріптестеріміздің спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Ойын командалық түрде өтті. «Тұлпар», «Сұңқар» аттарымен 2 командаға бөлінген ұжым ептілік пен жылдамдық сынағына түсіп жарысты. Жарыс тартысты да қызықты өтті. Жарыс барысында эстафеталық ойындарды мүлт кетпей орындап шыққан командалар І орынды «Тұлпар» командасы, ІІ орынды «Сұңқар» командасы иеленді. Спорттық шара жоғары деңгейінде өткізіліп, өз мәресіне жетті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=640#sigProGalleriac23849cc29
10 тамыз – Абай күні мерекесіне орай «Абай мұрасы-халық ұлағаты» онлайн ақпараттық күні ұйымдастырылды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай кітапханада «Абайды оқы, таңырқа!» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Көрмеде Абай Құнанбайұлының өлең жинақтары, хикмет кітаптары, қара сөздері, жалпы шығармашылығы көрініс тауып, ұлы кемеңгердің өмір жолы мен шығармаларына арналған ғалым-жазушыларымыздың зерттеулері мен еңбектермен танысуға болады. Көрме жыл бойы кітапханаға келушілерге қызмет көрсетеді.
Және де Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай биыл жарыққа шығатын барлық жаңа дүниелер ең бірінші кезекте осында қойылып, оқырман қауымға таныстырылатын болады. Іс-шара барысында ұлы ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы ақпарат беріліп, «Әсем әуен» вокалдық үйірме жетекшісінің орындауында «Желсіз түнде жарық ай...» әні шырқалды.
Comments