«Халқын сүйген ұлы тұлға» Еске алу кеші
Аса көрнекті, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына - 109 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, «Халқын сүйген ұлы тұлға» еске алу кеші ұйымдастырылды. Еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан тұлғаны еске алып, рухына тағзым етуге зиялы қауым өкілдері, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің мүшелері, қала тұрғындары және кітапхана қызметкерлері жиналды. Жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Дінмұхамед Ахметұлы өте парасатты, көреген саясаткер ретінде танылды. Н.Ә. Назарбаев «Дінмұхамед Ахметұлы – айрықша ардақтауға лайықты қарымды қайраткер. Сондықтан, біз оны Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек» - деп айтқан болатын.
Еске алу кешінің құрметті қонақтары Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің кеңесшісі Күздеубеков Жапар, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның әншісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері - Шағырбаев Бақытұлы тұлға жайында әңгімелеп, оның өте кеңпейіл, сабырлы да салмақты, парасатты адам болғанын баса айтты. Мемлекет қайраткерінің өмір жолын терең біліп, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық сезімін арттыру мақсатында кеш қатысушылардың назарына Д.А.Қонаевқа арналған «Адам - дәуір» кітап көрмесі таныстырылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=628#sigProGalleria53005a9949
Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=628#sigProGalleriaedc9675969
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне онлайн оқырмандар назарына «Тәуелсіздік – халық мұраты» слайды ұсынылды. Слайдтың мақсаты - болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамытып, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеп, білімдерін кеңейту.
Слайд барысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайында ақпарат беріліп, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова сынды желтоқсан құрбандарының қайсарлығы, өжеттігі туралы айтылды.
Тәуелсіздік жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналып, тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеткен, Тәуелсіздігіміздің рәміздерін сайлап, бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі Конституциялық заңды бекіткен, көптеген елдермен экономикалық қарым-қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екенін жария етілді.
Comments«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» Б.Момышұлы атындағы «Даңқ» залына саяхат «Рухани жаңғыру» бағдарламасының - «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Кеңес одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскері, қолбасшы - Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай «Даңқ» залының Бауыржантану орталығында оқырмандарға арналған «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты экскурсия ұйымдастырылды. Оқырамандарды отаншылдыққа, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, болашаққа деген сенімі мен ой-өрісін дамыту, елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсаты көзделді.
«Данқ» залының бірінші қабаты-Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Онда 1000 шаршы метрге барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам фото шежірелер топтастырылған. Залдың бірінші бөлігінде орналасқан 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған қабырғалардағы суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдыңа алып келеді. 1941-жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқасының, генерал-майор И.Панфиловтың, «Отан ана», Б.Момышұлының, Н.Белошевтің және басқа да барлығы 100-ден астам фотосуреттер мен 200-ден аса құжаттар қойылған. Нысанның екінші қабатында-«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан.
Орталықта Б.Момышұлының балалық шағынан кемеңгерлік жасына дейінгі өмірін бейнелейтін музей және көркемсурет бұрышы құрылған. Онда негізінен майдангер-қаламгердің шығармашылық-тұлғалық болмысын айшықтауға басымдық берілген. Орталық ішінде Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған кітапханалық бұрыш пен жиын өткізуге арналған конференция залы жасақталған. Экскурсияға барлығы - 12 оқырман, 5 кітапхана қызметкерлері қатысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=628#sigProGalleriaf48384c2f3