Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Адалдық алаңы" жобасы аясында "Парасат жолы" атты жаңа орталық ашылды.
"Парасат жолы" орталығының негізінде жастардың танымал ақын-жазушыларымен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулері өткізіледі. Бұл жастар мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы азаматтық қоғамның түрлі өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=620#sigProGalleria14a9528fd0
«Жыр алыбы - Жамбыл» әңгіме-саяхат
Кітапханада ашылған «Парасат жолы» өңірлік орталығының жоспары аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жауынгер жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай "Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану," орталығының «Жамбылтану» залында «Жамбыл – жыр алыбы» атты әңгіме-саяхат ұйымдастырылды.
«Жамбыл дарыны» орталығының қалалық және аудандық мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. "Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану," орталығының мәдени ұйымдастырушысы Г.К.Бүркітбаева орталықтың тарихымен және ақынның көрмелерімен таныстырды.
Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Ж.Ауелева оқырмандарға ақынның балалық шағын, Сүйінбаймен кездесіп, батасын алғаны, айтыс өнеріне қатысып, атын қазақ жеріне танымал болғаны туралы айтты. Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі үшін ақынға берілген марапаттары және ақынның ұрпақтары жайлы әңгіме етті. Оқырмандар «Менің өмірім», «Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім» өлеңдерін мәнерлеп оқып, Жамбыл мен Айкүміс айтысын орындады.
Сондай-ақ ақынның шығармаларына шолу жасалып, «Жүз жасаған бәйтерек» ақпараттық парақ таратылды. Іс-шара соңында оқырмандарға ақынның ақ батасы берілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=620#sigProGalleria7a660bf5fa
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдық мерейтойына орай әдістемелік құрал ұсынамыз. Салық Зиманұлы Зиманов (19.02.1921ж - 04.11.2018ж) қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер ғалым, Заң ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері. ҚР тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері.
Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жыл
Comments21 ақпан Туған тілдің халықаралық күні «Туған тіл - тұғырың» викторина
⠀Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқырмандарды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия 7-8 сынып оқырмандарымен 21 ақпан Туған тілдің халықаралық күніне орай «Туған тіл - тұғырың» викторина өткізілді. Викторина үш кезеңге бөлінді:
- «Кім жылдам?» өз ана тілімізге қатысты сұрақтарға жауап беру;
- «Кім есті?» жұмбақтың шешуін шапшаң тауып, қазақша, орысша тілде айту;
- «Өнер алды - қызыл тіл» тіл туралы мақал – мәтелді жалғастыру;
- Қорытындылау;
- Іс-шара соңында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=620#sigProGalleriac5f2210d15