22 Наурыз — Ұлыстың ұлы күні «Қош келдің, әз Наурыз!» Бауырсақ Party
⠀Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін тойлау, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін көрсету, насихаттау мақсатында кітапханада оқырмандармен бірге «Қош келдің, әз Наурыз!» бауырсақ Party ұйымдастырылды.
Ұлттық киімдегі кітапхана қызметкерлері қазақ халқының ұлттық тағамы бауырсақ пісіруде белсенділік танытты. Аналар қазанға май қыздырып, қамыр жаюдан шеберліктерін көрсетсе, әкелер қазан-ошақ жайын қамдады. Жаңару мерекесі аясында ұйымдастырылған «Бауырсақ party» шарасында 20 келідей бауырсақ пісіріліп, ыстықтай үйлестірілді.
Іс-шараға қатысқан оқырмандар «ас атасынан» дәм татып, кітапхана ұжымының мерекелік тартуына ризашылығын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=612#sigProGalleria53ea1dc2c2
Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы.
Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздерін кеңінен насихаттау, оқырмандардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында кітапханамызда көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Наурыз келді – құт береке кірді» онлайн библиошар откізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға ұлы мереке жөнінде толық мағлұмат бере отырып, жасақталған көрмеге ілінген арнайы шарлар арқылы ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы викториналық сұрақтар берілді, белсене қатысқан оқырмандар өз ойларын ортаға сала отырып, білімдерін әрі қарай шыңдай түсті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=612#sigProGalleria2e3e67f8d7
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы "Ұлттық киім - ұлт мәдениеті" ұлттық киім кию бастамасын қолдайды.
Comments8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні «Ана- тіршілік тірегі» сұхбат кездесу
Оқырмандарды мейірімділікке, аналардың, ұстаздардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуін, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру мақсатында көпбалалы, ақ жаулықты ана Дәулетбаева Зәуреш Жүсіпқызымен онлайн сұхбат кездесу өткізілді.
Сұхбат барысында Дәулетбаева Зәуреш Жүсіпқызы отбасылық құндылықтарды насихаттап, бала тәрбиесі жайында, бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет ететінін, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайтынын, бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы жайында сұхбат өткізіліп, көпбалалы ана ретінде болашақ жас аналарға өзінің ақыл кеңесін беріп, жылы лебізін білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=612#sigProGalleria9bcae12f58