Қ.Мұңайтпасов туғанына 150 жыл «Қазақ даласының батыры» бейне энциклопедия өтті.
⠀Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу – сол заманда нағыз ерлік еді. Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде оның 1886 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп бала балуан деген атқа ие болған. Қажымұқан 1906 жылдары рет әлемдік деңгейде көріне бастаған. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=604#sigProGalleria8ca6167436
Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға қорғауға өз үлесін қосу – әр азаматтың борышы.
⠀ Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Жасыл желек - жанға сая» ағаш отырғызу акциясы өтті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=604#sigProGalleria28d5a38baf
2017 жылдан бастап дәстүрлі түрде өтетін "Әлемді кітап арқылы танимын" облыстық байқауына қатысушыларды іріктеу кезеңдері аудандық балалар кітапханаларында басталды.
⠀Биылғы байқау балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтың шығармашылығына арналған.
Үздік қатысушылар Жамбыл облысының барлық аудандарынан облыстық байқауға жолдама жеңіп алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=604#sigProGalleria8c16c42231
Балалар әдебиеті «Бір ел – бір кітап» Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»
2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясына Ыбырай Алтынсаринның «Өнер-білім бар жұрттар» кітабы енді. Алтынсарин Ыбырай Өнер-бiлiм бар жұрттар: Өлеңдер, әңгiмелер, очерктер, хаттар және естелiктер . – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2014. – 120 бет.
Кітапта XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы ағартушы-демократы, педагог-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері, оқу-ағарту мәселелеріне арналған жазбалары және хаттары берілген. Жинақта бұнымен қатар Ы. Алтынсарин жинап, «Қазақ хрестоматиясында» жариялаған ауыз әдебиеті мұраларының кейбір үлгілері, сондай-ақ ағартушы туралы орыс достарының, әріптестерінің естеліктері орын алды. Кітап жоғары класс оқушыларына, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»
Comments