Жақсылық Үшкемпіровтің қазақ спорты тарихына қосқан үлесі орасан. Боз кілемдегі жетістігі ғана емес, боз дала мен бозбалаға жасаған жақсылығы да көп болды. Елімізде спорт саласының кең қанат жаюы жолында зор еңбек сіңірді. Ол кісінің жарқын жеңісі мен жақсы істерін оқырманға насихаттау мақсатында «Менің сүйікті спортшым» тақырыбына құрастырылған сұрақ – жауапты назарларыңызға ұсынамыз.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=592#sigProGalleriad86534bf19
Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Акцияның аясында Балалар әдебиеті жанры бойынша таңдалған жазушы, философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, журналист, аудармашы Зира Наурызбаева және филолог, жазушы, блогер, әдеби редактор, сценарист, радиожүргізуші Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу» тақырыбындағы библиошарды назарларыңызға ұсынамыз.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=592#sigProGalleriaeb2f5aa408
«Жеңіс күні: адамдар, тағдырлар, батырлар» ашық терезе 9 мамыр - Женіс күні адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 76 жыл толады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Жеңіс күні: адамдар, тағдырлар, батырлар» атты ашық терезе өтті.
Іс-шара барысында кітапханамызда оқырмандарға арнайы терезе жасақталып 9 мамыр - Женіс күнінің тарихы жайлы кеңінен макғлұмат берілді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.
⠀Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы да басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
⠀Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=592#sigProGalleria0f5cb2d8ad
Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» тақырыбында патриоттық онлайн сағаты өткізді. Іс шараның мақсаты келер ұрпақты Отанына аянбай ерлік көрсете білуге, бабалардың есімін құрметтеуге, адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғай білуге, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
⠀Кішкентай балапандар, арнайы дайындалып ән айтып, тақпақтарын айтып қызықты өтті. Ұлдар кеуделерін жерден көтеріп, қолдарымен күш сынап, білек күштерін көрсетіп, сұрақтарға қызықты және күлкілі жауаптар қайтарып, қыздарға әндерін арнады. Білімдерін, шеберлігін, машықтанғанын көрсете білді. Іс-шара соңында оқушылардың назарына слайд көрсетіліп, кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=592#sigProGalleria3754596be9