Бүгін, яғни 4 маусым Қазақстанда мемлекеттік рəміздер күні.
⠀Айтулы мереке 1992 жылдан бастап тойланып келеді. Бұл күн – еліміздің жаңа мемлекеттік рəміздерінің туған күні ретінде тарихта мəңгі қалады. Мемлекеттік рəміздер – мемлекеттің берік негіздерінің бірі.
⠀Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз, әуелете шырқайтын әнұранымыз - елдің мызғымас негізі, егемендігіміздің символы, тәуелсіздік тұмары.
⠀Осыған орай "Ел рәміздері - еркіндік нышаны" кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=580#sigProGalleriafeb9ea4897
Қазақстан Республикасының рәміздер күні құтты болсын! Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз тыныш, халқымыз аман болып, Тәуелсіздігіміз мәңгілік, көк байрағымыздың мәртебесі биік болсын!
Қазақстан Республикасының рәміздер күні
Comments"Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Бар мейірім – балаларға!» мерекелік кеш ұйымдастырылды.
⠀Кеш қонақтары: «Шабыт» би ансамбі, «Қарақат» мектеп-студиясының «Жетігеншілер» тобы, №13 бөбекжай бала-бақшасының балалары, мүмкіндігі шектеулі оқырмандар мен ата-аналары.
Мерекелік кеш «Шабыт» би ансамбілінің өнерімен ашылып, «Қарақат» мектеп-студиясының «Жетігеншілер» тобының әнімен жалғасты.
Кеш қонақтары - «Біз қазақтың баласы», «Қазақ елі осындай» әндерін орындады.
⠀ №13 бөбекжай бала-бақшасының балалары сайқымазақтардың қатысуымен ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік елдің ертеңі» тақырыбында асфальтқа сурет салып, «Қолшатыр», «Ұшты, ұшты», «Сен білесің бе?» викториналық ойындар ойнатылды.
⠀Мүмкіндігі шектеулі оқырмандар мен ата-аналарына кітапхананың «Шебер қолдар» мен «Сиқырлы қылқалам» үйірмелері шеберлік сабақтарын өтті.
⠀Мереке соңында барлық балаларға балмұздақ, сусындар, демеушілер ұсынған тәттілер таратылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді. Естелікке кітапхананың «Мен кітапхананы сүйемін» фотозонасында фотосуретке түсті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=580#sigProGalleria19be5afdc8
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 29 мамыр күні «Төрткүл» керуен сарайында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Кітап патшалығы» атты кітап көрмесін жасақтап, кітап әлеміне саяхат ұйымдастырды.
Көрме үш бөлімнен құрылды: "Сиқырлы ертегілер", "Ең ақылды кітаптар", "Оқимыз ойнаймыз".
⠀Сонымен, "Сиқырлы қылқалам" үйірмесі бойынша кішкентай оқырмандарға шеберлік сағаты өткізілді.
⠀Көрмеге кітапхананың оқырмандары мен қала тұрғындары қатысып, ұсынылған әдебиеттермен таныса отырып, өздеріне қажетті қызықты мағұлмат алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=580#sigProGalleria631f3751fe