22 тамыз – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, ел тарихында аты алтын әріппен жазылған Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озған күні. Ел ардақтысының ескертіші алдына Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің мүшелері және кітапхана қызметкерлері жиналып, еске алды. .Жиналған қауым мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті. Қайтыс болғанына 28 жыл өтсе де Социалистік еңбек ерін ешкім ұмытқан емес. Оның еңбек жолы, адами қасиеті жөнінде естеліктер айтты.
Еске алу кешінің құрметті қонақтары Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің кеңесшісі Күздеубеков Жапар, Тараз қалалық мәслихат хатшысы Кулекеев Батырбек, жазушы журналист Көсемәлі Сәттібайұлы және Күшікбаев Мәмбет ұлы тұлға жайында әңгімелеп, оның өте кеңпейіл, сабырлы да салмақты, парасатты адам болғанын баса айтты.
Ел ардақтысы Дінмұхамед Қонаев 81 жасында дүниеден озады. Соңында алтыннан да қымбат мұрасы – қоғамға сіңірген еңбегі қалды. Елі еткен еңбегін елеп, жыл сайын туған күні мен қайтыс болған датасын ұмытпайды. Ардақтысын еске алып, өзге өнеге болған ғұмырын пір тұтады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=568#sigProGalleria60fbf4fd4d
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы және «2021 жыл – Балалардың кітап оқуын қолдау жылы» аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақтың халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы- Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» әңгіме–саяхаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өміріне шолу жасады. Ақынның өмірін үш кезеңге бөліп, 1896-1916 жылдар, 1917-1940жылдар, 1940-1945 жылдарға тоқтап, толық мәлімет берді. Өтілген іс-шарадан оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, қазақтың атақты ақындарымен түскен айтыстары туралы мәлімет алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=568#sigProGalleria2869643afe
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Спорт - сенің серігің!» эстафеталық ойын
⠀Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы және «2021 жыл – Балалардың кітап оқуын қолдау жылы» аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Спорт - сенің серігің!» эстафеталық ойын ұйымдастырылды. Іс-шара кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Эстафеталық ойын 5-кезеңнен тұрды:
- Таныстыру кезеңі
- «Мәреге кім бұрын жетеді?»
- Тепе-теңдікті сақтау.
- «Арқан тартыс».
- «Капитандар сайысы»
Жарыс соңында қатысқан топтар марапатталып, жеңіске жеткен топқа сыйлықтар ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=568#sigProGalleriae42428b523
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздігімізді, тарихымызды, салт-дәстүрімізді оқырмандардың, жолаушылардың, жас ұрпақтың оқу мәдениетін дамыту мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында библиотакси ұйымдастырылды. Библиотакси – Д.Қонаев көшесі мен Қазыбек би көшелерінің бойымен жүріп өтті.
-
Библиотакси 3 кезеңнен тұрды:
- «Кім жылдам?» 1 минутта 10 сұраққа «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру;
- «Мақал – сөздің мәйегі» мақал-мәтелдің жалғасын табу;
- «Қазақтың салт-дәстүрлері» бойынша сұрақ-жауап.
Іс-шара барысында жолаушылар 3 кезеңге толықтай жауап беріп, діттеген жеріне тегін жеткізіліп және сұрақтарға толықтай жауап бергені үшін ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың «Қара сөз» кітабы сыйға таратылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=568#sigProGalleriaebf84acf8a