Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болу мақсатында «Террориризм –ғасыр індеті» бейне әңгіме ұйымдастырылды.
⠀ Іс-шара барысында қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу әр азаматтың борышы екендігіне баса тоқталды. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болатынына, жаман мен жақсыны айыра білетіндігі айтылды. Соңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда екені түсіндірілді.
⠀Оқырмандарға «экстремизм», «секта», «саентология» терминдерінің мағынасы ашылды. Пікір талас арқылы исламдағы теріс ұғымдар туралы оқырмандардың айтар пікірлері ортаға салынды. Көрмеге Рахманов Қ. «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы», Али Жұма «Дінде шектен шыққандар», Петров М.Н. «Как уничтожать террористов», «Дүниені өзгертуші ілім», Ақпанбет Ғ «Адам.Болмыс.Жан», т.б кітаптары қойылып, шолу жасады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=552#sigProGalleria1093b5861e
1 қазан – Қарттар күніне орай халықтың рухани байлығын дамытып, жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Қариялы ел – қазыналы ел» мерекелік кеш ұйымдастырылды.
⠀Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
⠀Кеш қонағы Салықова Нұрсифат Рақымбайқызы – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты», «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағының, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, актриса, жастарға мейірімділік туралы монолог оқыды.
⠀Өнер иесі Жаңабаева Күлімбала Шәмшіге арнап өлең орындады.
⠀Сондай-ақ көпті көрген дана-гөй қарттар Какибаев Қалтай, Жолмағанбетов Жамбырбай, Сексенбаев Амангелді, Сексенбаева Зура өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, өз өмірбаяндары жайында сұхбат берді.
⠀Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары мерекелік кеште ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Асыл қазыналарымыз жас ұрпаққа ақ баталарын берді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=552#sigProGalleriaff457113d3
Қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Ғалиқызы Айтхожинаның туғанына -85 жас мерейтойына орай «Қазақтың дара қызы» әдеби калейдоскоп өтті.
⠀Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, талапты, талантты жастардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру, ақиық ақын Марфуға Айтқожинаның өмір жолы мен шығармашылығын жастар арасында насихаттау.
⠀ М. Айтхожина жырлаған жырлары, ақынның өзіндік толғаныстары, өзіндік түйіні көзге шалынып отырады. Ол табиғаттың басқалар көрмеген жаңа бір көріністерін, жұмбақ сырларын, әсем сұлулығын ашуға бар ынтасын қояды. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар.
⠀Іс-шара барысында Төле би атындағы №8 мектеп-гимназияның оқырмандары ақын М.Айтқожинаның «Алаш азаматтары», «Қош Ана!», «Тілсіз мұң», «Жан аға», «Мұхтар аға» т.б өлеңдерін жатқа айтып берді. Оқырмандарға «Қазақтың дара қызы» атты көрмеге шолу жасалды. Көрмеге ақынның «Аққуым менің», «Балқұрақ», «Тобылғы бүрленгенде» көп томдық шығармалар жинағы, «Жарқыра менің жұлдызым», «Жапырақтар жауғанда», «Жапырақ сілкінген кеш» кітаптары қойылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=552#sigProGalleria7516a3de9c
Даңқты батыр Ыбырайым Сүлейменовтың 110 жылдық мерейтойына орай №3 мектеп-лицейдің оқырмандарының қатысуымен «Ерлік» мемориалдық кешенінің «Даңқ» залында «Қазақтың қас батыры» еске алу кеші ұйымдастырылды.
⠀ Оқырамандарды отаншылдыққа еліне туған жеріне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру, болашаққа деген сенімі мен ой-өрісін дамыту, елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсаты көзделді.
⠀«Данқ» залының бірінші қабаты Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Онда 1000 шаршы метрге барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам фото шежірелер топтастырылған. Залдың бірінші бөлігінде орналасқан 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған қабырғалардағы суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдына алып келеді.
⠀Кеш барысында аты аңызға айналған мерген, даңқты батыр Ыбырайым Сүлейменовтың өмірбаяны, соғыстағы ерлігі туралы толық мағлұмат беріліп, ол туралы кітаптар таныстырылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=552#sigProGalleria1a890a5e80