Оқырмандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне, төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру мақсатында «Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында Төле би атындағы № 8 мектеп - гимназиясының оқырмандарымен сұрақ-жауап өткізілді.
⠀Сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністер мен қазіргі заманғы қоғамның аса бір көкейтесті мәселелерінің бірі. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресуде. Сұрақ-жауапта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында нақты сауалнама жүргізіліп оқырмандар өз ойларымен бөлісті. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойғандығы оқырмандарға түсіндірілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=548#sigProGalleriaa3784f7ce4
Қасым Аманжоловтың 110 жыл толуына орай ақынның өлеңдері арқылы қазақ әдебиетіндегі жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдігін сараптай білуге үйрету, өскелең ұрпақтың мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту, ақындыққа баулу мақсатында «Қыран қанатты ақын» поэззия кеші оқырмандар назарына ұсынылды.
⠀ Кеш барысында оқырмандар ақынның өмірімен танысып, шығармашылығынан жан-жақты мәліметтер алып, танымдық көзқарастарын қалыптастырып, поэзиялық шығармаларды оқыды.
⠀ Арнайы жасақталған «От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=548#sigProGalleria9c99ebf926
2021 жыл «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы «Тез оқуды үйреніңіз» атты республикалық балалардың жылдам оқу сайысын ұйымдастырды.
Байқау мақсаты ұйымдастырушы кітапханалар арасында кітапхана аралық байланысты нығайту, балаларды мұқият және тез оқуға, оқығанын түсінуге және есте сақтауға үйрету. Сайысқа М.Әуезов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқитын 6 үміткері қатысты. Жылдам әрі түсініп оқуды Zoom платформада онлайн түрде «Алдар Көсе хиқаялары» кітабы бойынша тексерді. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары Жулибай Аяжан ІІ орынды, ал Әлишер Қарақат ІІІ орынды иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=548#sigProGalleria59f8242ef4
Оқырмандардың әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Өнерге біртабан жақындату, талантты таңдай қақтырған, дарындыларды өмірге әкелген, халқымыздың өнері де, өмірі де өнегеге айналған аялу ару қыздары аз емес.
⠀Солардың бірегейі таңдайына бұл-бұл құс ұя салған, дәстүрлі әнді дәріптеп, ұлт рухын оятып жүрген ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісованың туғанына 55 жас «Өмірі өнермен өрнектелген» музыкалық қонақжай өткізілді.
⠀Іс-шара барысында кеш қонақтары Сәуле Жанпейісованың құрбысы Сабралиева Зәуреш әнші туралы толық мағлұмат беріп, «Қарақат» мектеп студиясының «Жетігеншілер», «Домбырашылар» ансамблі ән салып, «Шабыт» би студиясы биден шашу шашып өз өнерлерін көрсетті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=548#sigProGalleriad5e9e70c38