Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Дауасыз дерттен сақтан» тақырыбындағы ескерту сағаты ұйымдастырылды.
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған ЖИТС (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне ауруда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.
Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты.
Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
Оқырмандарға ғасыр індеті - «ЖИТС» дерті, оның пайда болуы мен жұғу жолдары таныстырылып, «ЖИТС» туралы әдебиеттерге шолу жасалды.
Оқырмандар өз пікірлерін ортаға салып, тазалыққа, жаман әдеттерден қашық болуға шақырды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=528#sigProGalleriac5a00a94de
Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында №32орта мектеппен бірлесіп, 1 Желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай «Дәуір адамы» мәдени сторителлинг өтті.
⠀ Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқы үшін Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуден халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, содан аман алып шығып, әлем мойындаған жаңа мемлекетті қалыптастырған, жаңа астана тұрғызған, елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап келе жатқан ұлы тұлға.
⠀ Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Президентке «Елбасы» құрметті атағы 14 желтоқсан күні Парламенттің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында берілді.
⠀2012 жылдан бастап 1 желтоқсан күні жаңа мереке Тұңғыш Президент күні мейрамы болып белгіленді. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
⠀ Көрмеге Елбасының өмір жолы мен қызметі жайында мәлімет беретін әдебиеттер, мерзімді басылымдар, суреттер, фотоальбомдар қойылды. Кітапхана оқырмандары көрмеге қойылған кітаптармен танысып зор мүмкіндік алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=528#sigProGalleria4ba19d048c
Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын – Тұңғыш Президент күніне "Тәуелсіз елдің көшбасшысы" тақырыпта көрме жанындағы сұхбат №23 орта мектеп оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Оқырмандар Елбасының өмір жолымен танысып, ойларымен бөлісіп, аталмыш іс-шараға белсене атсалысты. «Еліне елеулі Елбасы» кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.
Алғашқы еңбек жолын Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы болып бастаған Н.Әбішұлының маңдайына Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті болу бақыты жазылыпты.
⠀ Ұлт тағдыры үшін барын салып жүрген Елбасы игі іс-шараларды жасады. Мұның барлығы халқына деген сүйіспеншілігін, ел жүгін мойынына арқалай білгендегі жауапкершілігін айқындайды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=528#sigProGalleriaeaa5acb5ea
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Соқыр және нашар көретін балаларға арналған облыстық «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Желтоқсан – ерлік тарихымыз» ерлік сағаты өтті.
⠀Іс-шара барысында оқырмандарға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайында ақпарат беріліп, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова сынды тұлғалардың қайсарлығы, өжеттігі туралы айтылды.
⠀ Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер оқылып, сұрақтар қойылды. Іс-шара соңында Байболов Асхат, Жұматаев Алматтың «Көк тудың желбіреген» әнін орындады.
⠀«Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=528#sigProGalleria8d0d5147b9