Кітапхананың «Кәсіби өсу» қызметкерлердің үздіксіз білімін жетілдіру жүйесінің 2022 жылға арналған оқу жобасы аясында «Кітапханалық жоба – заман талабы» flash семинар ұйымдастырылды.
Flash семинар Zoom платформада Жамбыл облысы көлемінде аудандық, қалалық, ауылдық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Flash семинардың мақсаты: ақпараттық технологиялардың даму жағдайларында еліміздің мәдени-тарихи мұрасын сақтап қалудағы кітапханалардың рөлін арттыру, Жамбыл облысы аудандық балалар кітапханаларында кітапханалық жобаларды ұйымдастыру жұмыстары жөнінде әдістемелік кеңестер беру және тәжірибе алмасу; Балалар кітапханасының жұмысына инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, әлеуметтік жобалар шеңберінде іс-шараларды іске асыру үшін ең жақсы жаһандық және жергілікті тәжірибені қолдану.
Кітапханашыларға «2021 жылы - Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында кітапхананың тәжірибесінде қолданылған басты «Оқитын ел – озық ел», «100 кітап» жобалары мен «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын», «Біз бәріміз біргеміз» бағдарламалары таныстырылды.
«Оқитын ел – озық ел» жобаның «Рухани жағыру» Әлеуметтік жобалар акселераторының қысқамерзімді оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, жинаққа еңгені айтылды.
Сондай-ақ, «2022 жыл – Балалар жылы» аясында жоспарланған және іске асырылған жұмыстар жайлы ақпараттар беріліп, аудандық балалар кітапханаларының қызметкерлері өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=496#sigProGalleria616e942bbd
«Балалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет» жылжымалы кітап көрмесі, бұл аптада "Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына"барып әскери азаматттарға арналған түрлі басылымдар, балаларға арналған әдебиеттер, мерзімді басылым беттеріне шыққан материалдарды оқырман назарына ұсынды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=496#sigProGalleriacfcb69954c
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназиясының 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен М.О.Әуезовтың «Еңлік - Кебек» шығармасына 105 жыл толуына орай ақпараттық сағат өтілді.
Іс-шараға аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.К.Ақылбаева, кітапхана меңгерушісі К.К.Жұмабекова, кітапханашы М.О.Ақпаева жазушының өмірдерегі мен «Еңлік-Кебек» шығармасы бойынша өз пікірлерін айтты.
Оқушыларға бейнебаян көрсетіліп, көрмедегі кітаптар таныстырылып шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=496#sigProGalleria5c366936c2
Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында кітапхана қызметкерлері Төле би атындағы №8 гимназиясының 6 сынып оқырмандарымен «Тіл – Халықтың тарихы» атты ашық микрофон өткізді.
⠀ Оқырмандарға Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу насихатталды.
⠀Іс-шара барысында оқырмандарға ана тілі туралы мағлұмат берілді. Сұрақтар қойылып, жұмбақ, мақал - мәтелдер жасырылды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге бірнеше кітаптар, журналдар қойылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=496#sigProGalleria9f3213988d