«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», себебі, «бірінші байлық — денсаулық». Денсаулық — тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. Сау болу — бұл тұтас ғылым және оның бағыттарының бірі.
Айтулы күнге орай «Біз — салауатты өмір салты үшін» ескерту-көрме ұйымдастырылды. Көрмеге денсаулық туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден алшақ болуды денсаулық — кез келген адам үшін басты құндылық екенін түсіндіре отырып көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=476#sigProGalleriad7e7b9f365
«Дәмдес» сауда орталығы маңында қала тұрғындарына балаларға арналған түрлі жанрдағы әдебиеттерді насихаттау мақсатында "Балалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет" жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге: «Аспаптар үні» , «Орман үні», «Жануарларға жақын бол», «Менің ұзын кітабым», «Құстар», «Көңілді көжек», «Әуесқой марғау», т.б кітаптармен бірге «Жыл он екі ай», «Балақан», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» балаларға арналған басылымдар ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=476#sigProGalleria88984469e1
«Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатында жас оқырмандарды әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануды ұғындыру мақсатында 7 сәуір "Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай «Денсаулық – өмір негізі» спорттық ойын өткізілді.
Іс-шара барысында Отанымыздың келешегі, көркеюуі, балалар, сіздердің қолдарыңызда жас оқырмандар спорт туралы мақал-мәтелдер айтып, қол күрес пен күш сынасып, ұлттық ойындар ойнатылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=476#sigProGalleriacf4df09b02
«Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатында 1 сәуір - Құстар күніне орай «Құстар біздің досымыз» тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында кітапханашы жас оқырмандарды кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді насихаттап, таныстырды.
Кітап оқып өскен, әдебиетпен сусындап, нәр алған бала жаман болмайды.
Сондықтан баланы жастайынан кітап оқуға бейімдесек олардың болашағына негіз қалаған болар едік.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=476#sigProGalleria3cc8fd7746