" ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ " құру жолындағы алғашқы қадам..
Бүгін "Балалар жылының" барысы жайлы Жамбыл радиосында, белгілі журналист, көптеген балаларға арналған кітаптардың авторы Бақытжан Советұлымен ерекше сұхбат болды.
Сұхбат барысында Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 2022 жылдың жоспарына сай алғашқы бес айында балаларға арналған қаншама ауқымы зор тағылымды шаралар өткендігі жайлы әңгіме қозғалды.
Алдағы уақытта балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуін, жас ерекшелігіне қарай интеллектуалдық ойындар ұйымдастыру және де болашақ "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ" бірге құруға ауқымды іс-шаралар өткізілетіндігі туралы да айтылды...
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=436#sigProGalleria17a0e88b11
«Балалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет» жылжымалы кітап көрмесі бұл аптада «Әкімшілік» аялдамасының маңында қала тұрғындарымен және оқушы балаларға, түрлі басылымдағы ертегі кітаптарымызбен көрсетілді. Біздің мақсатымыз оларды кітапханаға шақыру,кітап көрмесімен таныстыру мен қызықтыру.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=436#sigProGalleria34dd986d91
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай "Мемлекеттік рәміздер-ел мәртебесі" ақпараттық досье Төле би атындағы #8 гимназияның 6 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Іс-шара әнұранмен басталып, оқырмандар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы, авторлары, әр рәмізде көрсетілген бейнелердің білдіретін мағыналары туралы толық мәлімет алды.
Оқырмандар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, ой-пікірлерімен бөлісті.
"Рәміздер - тәуелсіздік белгісі" кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=436#sigProGalleriacbfc6af453
4 маусым – Рәміздер күніне 30 жыл толуына орай, «Рәміздер – Тәуелсіздік тұмары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқырмандарға Тәуелсіздігіміздің маңыздылығы туралы айтылды. Тарихи дерек көздері қамтылды. Елдігіміздің басты құндылықтары ретінде Елтаңба, Әнұран және Туымызды құрметтеу, қорғау туралы ақпараттар берілді.
Оқырмандар кітап көрмесімен танысып, қажетті ақпараттар алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=436#sigProGalleria153da29c5e