Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Бұл мерекелік жиынға Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы да атсалысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=420#sigProGalleriafa86aea058
Кітапханамызда кітапхананы танымалдандыру мақсатында «Жастар қандай кітап оқиды?» тақырыбында оқырмандармен сауалнама жүргізілді.
Мұндағы мақсатымыз оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітап – досың, сырласың, ақылшың және кітап оқи отыра өмірлік сабақ аласың, дана да боласың деген ұғымды түсіндіру.
Сауалнама жүргізу барысында оқырмандар белсене атсалысып, өз ойларын ашық жеткізе білді.
Оқырмандар кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасы жөнінде түсініп, кітапқа деген қызығушылықтары артты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=420#sigProGalleria823b5a4f0d
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша «Атқа міну мәденитін» жан-жақты талдай отырып, жылқы жануарының қазақ ұлтының өміріндегі рөлін таныту мақсатында «Ұлы көшпенділердің алтын ғасыры» кітап көрмесі жасақталды. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.
⠀«Ат – ердің қанаты» дейді халық даналығы. Халықтың тарлан тарихының тереңіне үңілгенде тәнті болатынымыз бабалардың елін, жерін қорғап жаумен алысқанда қанды көйлек жолдасы, арқа-жарқа болып көшіп, ақ түйенің қарны жарылып сән-салтанат құрғанда қызығы, сәнінің көркі көліктер болғанын білеміз.
Жылқы – қазақ халқының сенімді серігі, елтаңбамызда қанатты тұлпар бейнеленуінің сыры осында. Ұлттық ат ойындары: ат бәйгесі, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, асауды үйрету, т.б. қолға алынып, қайта жаңғыруда.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=420#sigProGalleria664d35fe43
Ұлы тұлғалар А.Құнанбаев пен М.Әуезовтың есімдерін мәңгілікке сақтау, М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу, эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, мазмұнын түсіндіру мақсатында «Абай жолы» роман-эпопеясына 80 жыл толуына «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» әдеби сандықша өткізілді.
Халқымыздың этнографиялық, діни, рухани, мәдени дәстүрлері: жаз жайлауға, қыс қыстауға көшу, құдалыққа бару, той атқару, ас беру, түрлі сайлау, дау-шарлар, сондай-ақ жеті ағайынды жұт, аң, құс аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі-бәрі көркем көрініс тапқан. Қазақ байтағындағы жылдың төрт мезгілі әсем суреттелген.
«Абай жолы» эпопеясы – қазақ әдебиеті қайраткерлерін алға шақыратын, болашағына бағыт сілтейтін жарық жұлдыз. Сөздің сиқырын меңгерем деген, көркем шығарманың қасиетін қолмен ұстағандай терең ұғынғысы келген, шеберлік шыңдаймын деген дарынды жас қауым үшін ғажайып әдеби үлгі, әдеби мектеп».
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=420#sigProGalleriaf408e5e45a