Д.А.Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақтың біртуар ұлы – Дінмұхамед Қонаев» атты қалалық шығармашылық байқауының қатысушысы Дмитрий Карбышев атындағы №16 мектептің 8 «В» сынып оқушысы Маербек Дина ғылыми жобасын орындау мақсатында өзінің сыныптастарымен кітапханаға саяхат жасап, «Ғасырдың дара перзенті» кітап көрмесімен танысты.
Динаға шығармашылық жаңа ізденістер, білім жолында жаңа табыстар тілейміз!
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=384#sigProGalleria80b4a51c90
Оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау мақсатында «Кітап – алтын қазына» тақырыбында библиография күні өткізілді.
Іс-шараның «Библиография – құпиялар әлемі» атты бірінші бөлімінде оқырмандар библиография ғылымы туралы көптеген мәліметтер алып, кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараттарымен (алфавиттік каталог, жүйелі каталог, мақалалардың жүйелі картотекасы, өлкетану картотекасы) танысып, шара барысында берілген мәліметтер бойынша ойындар ойнап, сұрақтарға жауап берді.
Ал, «Библиография әлеміне саяхат» атты екінші бөлімде оқырмандар кітапхананың ақпараттық-библиографиялық секторына саяхат жасап, ондағы кітап қорымен (энциклопедиялар, анықтамалықтарлықтар, сөздіктер) танысты. Кітапхананың каталогтары және картотекаларын пайдалануды, кітапханашының көмегінсіз өз беттерінше жұмыс жасауды үйренді.
Сонымен қатар, оқырмандарға «Web-Rabis» бағдарламасына мерзімді басылымдар (газет-журналдар) мақалаларын енгізу жолдары көрсетілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=384#sigProGalleria66bba4d1da
Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіретін, індетін түсіндіре отырып, Төле би атындағы №8 гимназияның оқушыларымен «Нашақорлық- ғасыр дерті» ой-талқы ұйымдастырылды.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, - өмірімізді ұзарту өз қолымызда деп, оқырмандарға салауатты өмір салты, денсаулық туралы қажетті ақпараттар беріліп, өздеріне керекті мәліметтер алды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=384#sigProGalleria8a25a13c85
Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Мейірім» мектеп интернатының 4-сынып оқырмандарының қатысуымен «Жан шуағы» арт-кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында жастайынан есту қабілеті нашар балалар дыбыстық кітаптарға қызығушылық танытып, естімейтін және нашар еститін балаларға іс-шара барысында сурдопедагогика тілімен ұстаздары түсіндіріп балалардың қызығушылығын оятты.
Оқырмандар А4 қағазға гүлдің суретін салып, өз көіл-күйлерін білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=384#sigProGalleria0d29a68cea